«Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысы аясында колледж студенттеріне «Пікір-сайыс ойындарын өткізудің ережелері мен кеңестері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Студенттердің интеллектуалды дамуына көңіл бөлуге көзделген кеште белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы және қоғамда дұрыс саяси бағдарларды таңдаудағы дебаттық турнирлердің әсері жайлы айтылды. Осы орайда жастардың шығармашылық белсенділігі мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, олардың өз ұстанымын, шешендік шеберлік дағдыларын, толерантты диалог жүргізе білуін қалыптастыру мақсатында колледжішілік «Ақиқат» пікірталас клубы құрылды. Құрамы студенттермен жасақталып, клубтың мақсат-міндеттері мен жоспарлары талқыланды.