Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында "Зияткерлік күніне" орай Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Ұлттық мұралар-жастарға бағдар" білім ринг интеллектуалды сайысында Ақтөбе гуманитарлық колледжі командасы жүлделі III орынды иеленді. Қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
     Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Бөлім:  Жаңалықтар

     19.03.2021ж. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Әлеуметтік- мәдени қызмет және өнер» оқу-әдістемелік бірлестігінде «Шығармашылық іс-әрекет- құзыреттілік негізі» тақырыбындағы онкүндік аясында 0403000 «Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы» (бейін бойынша) мамандығының«ОД-205»- топ студенттерімен арнайы пән оқытушысы Бекбулатова Жансая Сериковна онлайн ашық сабақ өткізді.

     Оқытушы сабақта түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, сутденттерді шығармашылыққа жетелей білді. Әр орындалған станок жанындағы комбинацияларға тоқталып өтті, ортада көрсетілген этюдтарды орындап және әр ұлттың тарихына тоқталып жұмыс жасалды. Шығармаларды (комбинациялар мен тренаждарды) концертмейстердің сүйемелдеуімен білім алушылар орындады. Сабақ барысында оқытушы білім алушы жауаптарын толықтырып, қажетті орындарына түзету енгізе білді. Сонымен қатар АҚТ мүмкіндіктері кеңінен қолданылды. Сабақ соңында викториналық сұрақтар беріліп, студенттердің теориялық білімдері тексерілді. Білім алушылармен кері байланыс жүргізілді.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінің "Әлеуметтік мәдени қызмет және саз" бөлімінің жоспарлы "Шығармашылық іс -әрекет-кәсіби құзіреттілік негізі" тақырыбындағы онкүндігі аясында домбыра класс оқытушысы Қуанышова Зибагүл Әбішқызының ұйымдастыруымен "Күй күмбірі" атты облыстық онлайын-сұхбат өз мәресіне жетті.

     Кешке "Ерен еңбегі үшін медалінің иегері", ҚР Мәдениет саласының үздігі күйші-Қазанғаптанушы Жанаманов Нұрболат Әдіманұлымен шұрайлы әңгіме мен күміс күйін тыңдауға мүмкіншілік берді. Бір сағаттан астам уақытта күйші ,Қазанғап Тілепбергенұлының өмірі мен шығармашылығы жөнінде әңгіме өрбітіп, күймен әрлеп кеш сәнін келтірді. Кешке колледж әкімшілігі, оқытушылар, білім алушылар және кеш қонақтары қатысып өз кезегінде сауалдарын тастап кештің сәнін кіргізіп, тәлімі -мен тағылымы мол кеш болып жоғары деңгейде өтті.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     18.03.2021ж Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Әлеуметтік- мәдени қызмет және өнер» оқу- әдістемелік бірлестігінде «Шығармашылық іс- әрекет- кәсіби құзіреттілік негізі» тақырыбындағы онкүндік аясында КТХ-305 тобы студенттерімен, арнайы пән оқытушысы Даулеткалиева Гулмирам Косымовна «Болашақ мамандардың кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсетудегі іскерлік пен тәжірибелік дағдылары» тақырыбында онлайн ашық -сабақ өткізді.
     Мақсаты:Білім алушылардың теориялық білімдерін практика базаларында өткен тәжірибелері арқылы бекіту. Ашық сабаққа колледж оқытушылары және Алматы облысы,Қаскелең мәдениет колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Мукашева Шынар Батырханқызы қатысты.
Сабақ барысында «Жылы лебіз»сергіту сәті , «Суреттер құпиясы» әдісін қолдану арқылы сұрақтарға жауап, практика барысында үйренген іс -тәжірибелерін бейнеороликтер арқылы көрсетті.
Сабақ соңында тренинг ұйымдастырылып,студенттер екі топқа бөлінді.
1-топ: кітапхана өткізілетін дәстүрлі көпшілік шаралар
2-топ: қашықтықтан өткізілетін онлайн көпшілік шаралар.Екі топ көпшілік шаралардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы талқылады.
Сабақ соңында кері байланыс өтіп, нәтежелі өтті.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     «Шетел тілі» оқу-әдістемелік бірлестігінің оқытушылары Шандаулова Индира Амантаева, Амантаева Заура Талгатовна «Шетел тілін оқытуда IT технологияларын пайдалану арқылы студенттердің ақпараттық-технологиялық құзыреттілігін жетілдіру» мамандық онкүндігі аясында білім беру жүйесіндегі жаңа технологияның соның ішінде АҚТ-ның алатын орнын көрсету, мультимедиялық технологиялардың әдістемелік, ұйымдастырушылық, педагогикалық ерекшеліктерін талдау, мектепте АҚТ қолдана отырып, оқушылардың тілге қызығушылығын арттыру тәсілдерін анықтау мақсатында «Мектепте ағылшын тілін оқытуда АҚТ қолданудың маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Шара барысында Шт-405 топ студенттері Әлуова Гүланар, Нышан Ақмарал, Онбай Альбина, Ерланова Жұлдызай, Есенгельдина Дильназ тәжірибе барысында қолданған ZipGrade.com, Google Jamboard, Quizlet, Miro.com, Learning Apps бағдарламалары туралы ой бөлісті.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні «М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК-ның ұйымдастыруымен «STARTUP-2021» айтулы тұлғалар, атаулы күндер» тақырыбында Республикалық диалогтік алаң өтті. Ұлыларды ұлықтау, атаулы тұлғалардың мерейтойларына байланысты өткен іс-шараға Республикамыздың 100-ден аса оқытушысы қатысып, арнайы тақырыптарымен ой бөліскендері де болды.
     Ақтөбе гуманитарлық колледжінен бірнеше оқытушы қатысып, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бибигуль Мустафиевна Жамекова, педагогика және психология пәндерінің оқытушысы Назира Дуйсенбаевна Амандыковалар Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай, Ұлы ұстаздың ағартушылығы, білім саласына енгізген жаңалықтарының қазіргі жүйедегі өзгерістермен үндестігін шебер байланыстыра отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
     Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, Қостанай қаласындағы облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайына виртуалды саяхат жасалды.

  

 

Бөлім:  Жаңалықтар

     Ағымдағы жылдың 16 наурыз күні «Шығармашылық іс-әрекет- кәсіби құзыреттілік негізі» тақырыбындағы «Әлеуметтік мәдени қызмет және өнер» оқу әдістемелік бірлестігінің мамандық онкүндігі аясында оқытушы Картанова Айгүл Әбдіқалыққызының негізгі аспап(қобыз) пәнінен ашық сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: Қобыз аспабында негізгі штрихтармен жұмыс”
     Мақсаты: Қобыз аспабында орындалатын негізгі штрихтарды меңгеру. Дыбыс шығару, ысқышты дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыу.
     Сабақ ОД-105 топ(1 курс) студенті Ерболат Айшабибімен өтті. Концертмейстер Г.Д.Мурзабекова.Оқытушы сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы оқушыны шығармашылыққы жетелей білді. Әр шығармадағы штрихтарға тоқталып,дыбыстың сапасы, ысқыштың дұрыс қолданылуы,иннтонацияның дәлдігімен жұмыс жасалды. Шығармаларды концертмейстердің сүйемелдеуімен және оқытушымен ансамблде орындады. Сабақ соңында Микс жаттығу» әдісі арқылы оқушы берілген трек сөздерді қолданып, өз жанынан әуен шығарды.Оқушыға өз бетінше орындауға тапсырмалар беріліп, бағалау критерийі бойынша қорытындыланып бағаланды.
     Сабаққа қатысқан оқытушылар тарапынан оқушының аспапты алғаш меңгеру сатысында болғанына қарамастан қол жеткізген жетістігі; жүйелі жұмыс, нақты талап; оқытушының іскерлігі; оқушының пәнге,аспапқа деген талпынысы жоғары бағалады.

  

 

Бөлім:  Жаңалықтар

     В ходе декады кафедры английского языка «Шетел тілін оқытуда ІТ технологияларды пайдалану арқылы студенттердің ақпараттық-технологиялық құзіреттілігін қалыптастыру» 16 марта 2021 года преподавателем Нуркеевой Ботагоз Жулдузовной был проведен открытый урок в группе Бк-115 на тему: «Great Britain and Kazakhstan». Цель урока: формировать умение развивать межкультурную осведомленность через чтение и обсуждение. Урок проходил в групповой форме, где студенты работали с текстом и новыми словами. На уроке также было использовано приложение Quizlet для закрепление пройденного материала. С помощью Quizlet студенты активно работали с тестом и проверкой правописания. Методы, отобранные учителем, оптимально подобраны под содержание дидактической задачи. Урок был окончен рефлексией.

  

 
Бөлім:  Жаңалықтар

     15 марта 2021 года в Актюбинском гуманитарном колледже был проведен классный час, посвященный Всемирному дню прав потребителей. 2021 год объявлен годом борьбы загрязнения с пластиковыми материалами.
В данном мероприятии приняли участие студенты групп Р-405, Р-315 с квалификацией «Учитель русского языка и литературы». Форма проведения классного часа – устный журнал, в ходе которого участники были ознакомлены с изменениями и дополнениями, внесенными в закон РК «О защите прав потребителей». Студентами были получены ответы на волнующие вопросы: Какими правовыми инновациями ознаменовался этот год для казахстанских потребителей? Какими правами обладает покупатель, если вдруг окажется недоволен товаром или услугой, и как он может их отстоять? Каков уровень взаимодействия Комитета по защите прав потребителей с общественными организациями? 

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     Наурыз –салт-дәстүрлер насихатталатын ұлық мереке
     Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі — бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі. Бесік адам сатысы. 15 наурыз күні «Әдебиет және тілдер» бөлімі оқытушылары Наурыз мерекесіне орай бесікке салу рәсімін көрсетті. Шараның мақсаты –Наурызды ұлықтау, салт-дәстүрді насихаттау. Танымдық маңызы зор шара барысында бесіктің неден жасалатыны, құрал-жабдықтарымен таныстырып, дүниеге келген сәбиге бесік сатып алу, аластау, бесікке салу, бата беру дәстүрлері көрсетілді.
     Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік танымдық шараға қатысқан оқытушыларымызға алғыс айтамыз. Наурыз құтты болсын баршаңызға!

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 12 of 47
  • Идиятулина Рустина
    Бк-301

  • Иманов Аманбек
    Од-205

  • Асылбекова Рауза
    Бк-305

  • Насрединова Айжан
    Бк-401

  • Нургалиева Гүлбақыт
    Мк-105

  • Оспанқызы Сандуғаш
    Сб-115

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс