Қай мамандық болмасын оның бір белгілі айрықша белгісі болады. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалады. Мұғалімнің кәсібінің ерекшелігі, ең алдымен, оның педагогтік әдебінде. Әнші үшін үн немесе музыкант үшін музыканы ұғыну қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтік әдеп сондай қажет. Педагогтік әдеп сақталмайынша білім алушымен тіл табысу мүмкін емес, ал білім алушылардың тілін таппайынша оқу-тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ. Амандыкова Назира Дуйсенбайқызы - парасаттылық, ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау сияқты қасиеттермен ерекшеленетін ұстаз. 37жылдық педагогикалық еңбек өтілімінің 27жылында болашақ мұғалімдерді даярлауда өз білімін жастарға жеткізіп, оларды қоғамның адал перзенті ретінде тәрбиелеуде, ғылым шыңына шығаруда, терең білімі мен қажырлы еңбегі, дәріскерлік шеберлігі, басқару ісіндегі парасаттылығымен қызмет етіп келеді.
     Әр студентке білім мен ілім беріп қана қоймай, өмірлік ұстанымдары мен болашаққа сенімді қалыптастырып келе жатқан, көптеген тұлғалардың кәсіби мансабына жол ашқан қасиетті қара шаңырақ ұстазы Амандыкова Назира Дуйсенбайқызы 2001-2003жылдары негізгі білім беру негізіндегі мектеп бөлімінің меңгерушісі, 2003-2008 жылдар аралығында колледж әдіскері қызметтерін атқарды. 2017-2020 жылдары «Педагогика және психология» оқу әдістемелік бірлестігіне жетекшілік етті.
     2014-2016 жылдары шағын жинақталған мектептерді зерделеу мақсатында эксперименттік жұмыс тобының мүшесі ретінде облысымыздың көптеген аудандарында болып, шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне арналған іс-шараларды өткізуде белсенділік көрсетті.
Жоғары санатты педагогика және психология пәндерінің оқытушысы Назира Дуйсенбайқызының «Шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру» (2013ж), «Шағын жинақты мектепте сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру» әдістемелік нұсқаулығын (2015ж), «Курстық жұмыс ережесі» жобасын (2018ж), «Психология пәнінен әдістемелік кешенін» (2019ж), «Жаңа педагогикалық технологиялар пәнінен тест жинағын» (2019ж) колледж оқытушылары мен студенттері кеңінен пайдаланады. Оқытушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, АҚ «ТжКБ дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының» Алғыс хатымен, Ақтөбе облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Өз тарихында көптеген білім саласының майталмандарын қанаттандырған құтты ұя, өткен мен болашақтың «алтын көпірінің» діңгегі болып отырған Ақтөбе гуманитарлық колледжінде қызмет етуді осы оқу орнының түлегі әрі бүгінгі ұстазы болуды Назира Дүйсенбайқызы мақтанышпен айтады.

#қажырлыеңбек
#выдающийсяуспех

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 01 Сәуір 2021 10:15

Аббасова Лариса Касеновна

     «Ұлағатты еңбек - адамды ертеңгі күннің бағытына, болашаққа бағыттайтын еңбек»- деп, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің айтқан ұлағатты сөзі ұстаз еңбегінің ерекшелігін, маңыздылығын көрсетеді. Парасатты мінезімен, аналық жүрегімен, ұрпақтарын игілікке, салауатқа, адамгершілікке, үлкен білім жолына тәрбиелеп, өз ісінің адал иегері бола білген ұстаз, педагог-зерттеуші - Аббасова Лариса Касеновна. Өнегелі өмірін, ғибратты ғұмырын білім беру саласына арнап, Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 35 жылға жуық қызмет етеді.
Ол 1964 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Оқытушы 1979-1983 жылдар аралығында Ақтөбе музыка училищесін, 1987-1993 жылдар аралығында Атырау педагогикалық институтының музыка факультетін тәмамдап, өз еңбек жолын 1982 жылы Ақтөбе қаласы №1 балалар музыкалық мектебінде бастап және 1985 жылдан осы күнге дейін Ақтөбе гуманитарлық колледжінде музыка оқытушысы қызметін атқарып келеді. Оқу орнында бірнеше жыл әдіскер қызметін де абыроймен атқара білген білікті маман.
     Оқытушы облыстық эксперимент алаңының мүшесі, ақпараттық, мәдени, ғылыми жобалармен айналысуда, бірнеше оқу-әдістемелік құралдар мен электронды ортаның авторы. Өзінің кәсіби жеткен жетістіктерін кейінгі әріптестеріне үйретіп, іс-тәжірибесін таратуда талмай еңбек етіп келеді. Лариса Касеновна жетекшілік еткен топ студенттері Халықаралық және Республикалық байқау-фестивалінде жүлделі орындарға иеленді. Еңбегі бағаланып, облыстық білім басқармасы «Құрмет грамотасы», облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Алғыс хат», «Құрмет грамотасы», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
Отбасында екі ұл, бір қыз өсіріп, немерелерін тәрбиелеп отырған сүйікті жар, асыл ана, ақ әже, қадірлі ұстаз.
#қажырлыеңбек
#выдающийсяуспех

 

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 01 Сәуір 2021 10:11

Жунусова Гайни Задаевна

     Жунусова Гайни Задаевна-Ақтөбе гуманитарлық колледжінің математика пәні оқытушысы Бойына табиғат дарытқан еңбекқорлық пен төзімділіктің нәтижесінде Ғайни Задаевнаның білім беру жүйесіндегі сіңірген еңбегі зор. Ұжым мүшелерімен тіл табыса отырып, өзі басқарған «Математика және физика» оқу-әдістемелік бірлестікті алдыңғы қатарлы «Үздік бірлестік» деңгейіне жеткізе білді. Адами қасиеттері мен тұлғалық қабілеті арқылы ұжым жастарына үлгі Ғайни Задаевна болашақ мұғалімдерді даярлауда қажырлылықпен еңбек ете білді. Бүгінде оның талмай еткен еңбегінің нәтижесі сол – ол оқытқан, тәрбие берген шәкірттері Облыс мектептерінде ұстаздық қызмет етіп, абыройға ие болуда.
     Ғайни Задаевна - ұдайы өз білімін жетілдіріп отыра, кәсіби біліктілігі мен дағдыларын тиімді пайдалана білетін білікті ұстаз. Математика пәнінен шәкірттері халықаралық, республикалық деңгейдегі конференциялар, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.
Осындай қажырлы еңбегімен жеткен жетістіктерімен қоса қарапайымдылықтың символы бола білген Ғайни Задаевна бүгінде қазіргі білім берудің инновациялық әдістерін тиімді пайдалануды, өзі білуімен бірге әріптестеріне үйретуден жалыққан емес.
Әріптес оқытушыларға көмек беруге үнемі даяр тұрады, шәкірт даярлауда табандылығымен, мейірімділігімен үлгі бола білген кәсіби білікті ұстаз. Шәкірт санасына үлкен із қалдыра білген Ғайни Задаевна - өз кәсібіне адал жан. Ұзақ жылдар бойы ұстаздық салада қызмет етіп, ұлағатты ұлдар тәрбиелеп отырған бақытты жанұя.
#қажырлыеңбек
#выдающийсяуспех

 

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 01 Сәуір 2021 09:09

ЖАМЕКОВА БИБИГУЛЬ МУСТАФИЕВНА

     Жамекова Бибигуль Мустафиевна 1965 жылы 30 қазанда Ақтөбе облысы Қобда ауданы Алия ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: бастауыш білім беру педагогикасы және методикасы, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі.
«Ақтөбе гуманитарлық колледжі» МКҚК-ында директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің «Педагог-шебер» біліктілік санатындағы оқытушы. Білім беру жүйесінде 40 жылға жуық еңбек өтілі бар, соның ішінде техникалық және кәсіптік жүйеде 30 жылға жуық еңбек етеді. «Үздік әдіскер», «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің үздік оқытушысы» атақтарын жеңіп алған, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері.
Өзінің еңбек жолын шағын жинақты мектепте бастап, кейін ШЖМ меңгерушісі қызметін атқарды. Ақтөбе қаласындағы №21 қазақ орта мектебінде мұғалім болды. Ақтөбе педагогикалық училищесінде қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы, әдіскер ретінде өзін көрсете отырып, пәндік цикл жетекшілігінен директордың орынбасарлық деңгейіне көтерілді.
     Бибигуль Мустафиевна - заман талабына сай білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді терең түсіне білетін, кәсіби білігі жоғары педагог және шебер ұйымдастырушы. Өзінің педагогикалық қызметі жылдарында үнемі кәсіби білігін озық педагогикалық іс-тәжірибелерді зерделеу арқылы арттырып отырады, курстардан өтуге айрықша мән береді.
     2020 жылдан бастап «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің жаңартылған білім беру мазмұнына орай «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ –ның ПШО аймақтық тренері. Педагог-кәсіби қызметін өз бетімен ұйымдастырудың жетілген дағдылары мен ауқымды мәдениеті дамыған, сонымен қатар білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру бағытында жаңашыл, тиімді әрі белсенді әдіс-тәсілдерді қолдануды жетік меңгерген маман. Өз пәні бойынша «НЗМ» ДББҰ –н бірлесіп, «Сауат ашу және қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын жасақтап, апробациядан өтті. ҚР БжҒМ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқу құралдарының авторы: 1. Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі; 2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын білім беру саласына интеграциялау оқулықтары қазақ, орыс тілдерінде жарық көріп, «TALAP» сайтына орналастырылған.
Оқытушы-әдіскер ретінде Республикалық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сыныптауышқа өзгеріс енгізу, модульдік-құзыреттілік тәсілдеме, қолданбалы бакалавр сияқты өзекті мәселелерін т.б шешуге өз үлесін қосып, жоғары белсенділік танытып келеді.
Б.М.Жамекова ұжым оқытушыларының біліктілігін арттыру, түрлі деңгейдегі кәсіби байқаулар мен пәндік олимпиадаларға қатысуларына, жалпы кәсіби өсулеріне айрықша мән береді. Нәтижесінде колледж оқытушылары жоғары кәсіби біліктерін көрсетіп, Халықаралық, Республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздары.
     Маман даярлау ісінде жаңалықтарды тереңірек меңгерту мақсатында «Шағын жинақты мектептерде біріктірілген кластарды оқыту» эксперименттік алаңы, Республикалық «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу» негізгі білім беру ұйымы ретіндегі жұмыстарға жетекшілік етіп, нәтижелі жұмыстар атқарып келеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі студенттерінің ғылыми ізденушілік деңгейлерін көтеру мақсатында облыстық, Республикалық және Халықаралық деңгейде конференцияларының ұйымдастырушысы.
Республикалық оқу-әдістемелік орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс жасап, колледжі оқытушыларының жаңартылған білім беру, балдық-рейтингтік бағалау, мектептегі критериалды бағалау, пәндерді оқыту әдістемелеріне қатысты т.б. өзекті мәселелерді шешу бағытында семинар, вебинар жұмыстарын ұйымдастырып, өтілген іс-шараларда әдістемелік көмек көрсетуде белсенділік танытып жүр.

#қажырлыеңбек
#выдающийсяуспех

Бөлім:  Жаңалықтар

• Қызметті онлайн алу
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
• Как получить услугу онлайн
Выдача дубликатов документов о техническом и профессиональном, послесреднем образовании

 

Бөлім:  Жаңалықтар
Сенбі, 27 Наурыз 2021 11:15

«Mind over memory»

     Ағымдағы жылдың 26 наурыз күні «Шетел тілі» оқу-әдістемелік бірлестігінің мамандық онкүндігі аясында оқытушы Садық Гүлдәурен Адайбайқызының 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығы 0111063«Математика мұғалімі» біліктілігі бойынша жалпы білім беретін «Шетел тілі» пәнінен «МК-105»- тобында ашық сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: «Mind over memory». Мақсаты - студенттерді тақырып төңірегінде ағылшын тілінде сөйлеу тілдерін дамыту. Сабақ барысында студенттер жаңа ақпаратпен танысып, сұрақтарға ағылшын тілінде толық жауап берді. Сабақта жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріліп, бекіту мақсатында «Filling», «Matching» танымдық тапсырмалары орындалды.
     Сонымен қатар аталған тақырыпты кеңірек ашу мақсатында бейнеролик көрсетіліп, студенттер оған өз пікірлерін білдіріп, талқылады. Сабақ кері байланыс жасау арқылы аяқталды. Оқытушы сабақтың құрылымы мен мазмұнында белсенді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданып, өзінің іс-тәжірибесін көрсете білді.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     «Әлеуметтік-мәдени қызмет және өнер» оқу-әдістемелік бірлестігінің «Шығармашылық іс- әрекет-кәсіби құзыреттілік негізі»мамандық онкүндігі аясындаоқытушы АйнабековаШолпан Каримовнаның «Қазақ биінің алғашқы баслаулары» аттышеберкласы өтті.
Шара мақсаты - қазақ биінің оқыту әдістемелерін тереңірек түсіндіріп,алғашқы қазақ би бастаулары туралы түсінік беру.
     Халықтық ұжым«Әлия Гүлі» қазақ би ансамблі “Айжан қыз”, “Қазақ вальсі”, “Домбыра” билерін,«ОД -105»- тобының студенттері алтын қордағы «Қос алқа» билерін биледі. Шара барысында тәжірибелі оқытушы қазақ биінің өзіндік ерекшелігін, маңызын түсіндіре отырып, би қимылдарына айрықша мән бере білді.
     Шебер класқа қатысушыларғаарнайысертификаттарберіліп,өзжаңашылдығымен ерекшеленді. Шебер класты өткізуші оқытушы Ш. К. Айнабековаға алғысымызды білдіріп, алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!Шебер класс өте жоғары деңгейде өтті.

  

Бөлім:  Жаңалықтар
Сенбі, 27 Наурыз 2021 11:09

«Станок жанындағы экзерсис»

     26.03.2021 жылы «Әлеуметтік-мәдени қызмет және өнер» оқу- әдістемелік бірлестігінің оқытушысы Шобдарова Анар Тойшыбековна «Шығармашылық іс-әрекет – кәсіби құзыреттілік негізі» атты мамандық онкүндігінің аясында «Халық билерінің теориясы мен әдісі» пәнінен ОД-105 тобында офлайнашық сабақ өткізді.
     Сабақтың тақырыбы «Станок жанындағы экзерсис». Концертмейстері Жайшылыкова Жанзира.
Экзерсисклассикалық би негізінде қалыптасып, қазіргі кезде кез келген хореографиялық дайындықтың негізі болып табылатындықтан оның түрлеріне тоқталды. Экзерсис жаттығуларынәр ұлт билерінің характерінде сапалы орындалуына, олардың аталу терминдеріне көңіл бөлінді. Сұрақ-жауап арқылы студенттердің би өнері туралы білімдері тексеріліп, қосымша мәліметтер берілді.
     Станок жанында экзерсисті меңгергеннен кейін зал ортасында және диагональ бойымен қимылдар жасалды. Сабақ барысында студенттердің қимылдарды жасаудағы және оны синхронды жасаудағы кемшіліктері түзетіліп, педагог өзі көрсетіп отырды.Студенттердің сабақтағы белсенділігі, оқытушымен арадағы қарым-қатынастарыталапқа сай. Сабақ мақсатына жетті.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сенбі, 27 Наурыз 2021 11:00

«Құлшардың тартыс күйлері»

     Ағымдағы жылдың 25.03.2021 жылы «Шығармашылық іс – әрекет кәсіби құзыреттілік негізі» мамандық онкүндігі аясында музыка пәні оқытушысы Қарғабаева Айгүл Бақытбекқызы«Құлшардың тартыс күйлері»тақырыбында лекция -концерт өткізді. Лекция концерттің мақсаты: Студенттерге Маңғыстау өңірінің күйшілері туралы және күй өнерінің жетік орындаушылары туралы білімінен хабардар ету.
     Құлшар күйшінің күйлерінің тарихын айта отырып, орындау арқылы студенттің сөйлеу мәдениетін, орындаушылық қабілетін қалыптастыру болып табылады. Лекция -концертке қатысатын «Әлеуметтік- мәдени қызмет және көркемөнер шығармашылығы» мамандығының 2,3 -курс студенттері Құспанов Айсұлтан, Аманжолов Ақжол белсенді қатысты.
Лекция концертте Құлшардың «Қыз қамаған», «Кербез керік», «Ат жортақ», «Сық- сақ», «Кебіс қалған» деп аталатын циклды күйлері қызғылықты әңгімесімен тартымды баяндалады.Рөльдерге бөлінген студенттердің орындауындағы айтыс – тартыс күйлер өз ерекшелігімен тартылды.
     Қатысушылар тарапынан өтілген шараның теориялық жағынан және әдістемелік ұйымдастырылу барысының жоғары деңгейде өткендігі аталды.

  

 

 

Бөлім:  Жаңалықтар

     2021 жылғы 27 наурыз күні «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қорғау және сақтау» тақырыбында колледж психологы Н.Жармұханбет ата-аналармен онлайн кездесу өткізді. Мақсаты - ата-ана мен жасөспірім арасында тығыз байланыс орнату, сенімді орта қалыптастыру, жасөспірім студенттердің психикалық денсаулығын қорғау, жағымсыз мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу.

  

 

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 11 of 47
  • Сақабаева Аяулым
    Ктх-305

  • Сәндібекова Гүлжайна
    Мд-215

  • Жұмағазина Санзият
    Мд-315

  • Тургунова Карина
    Р-405

  • Әшір Ұлжан
    Мк-215

  • Смагулова Гулсая
    Шт105

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс