Бейсенбі, 06 Мамыр 2021 10:00

«Таза бейсенбілік» шарасы

     6 мамыр күні әдеттегідей «Таза бейсенбілік» шарасы барысында Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш алаңы, «Жастар» сквері, жатақхана айналасын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар биылғы оқу жылын бітіруші Шт-405 топ студенттері топ жетекшісі А.Б.Курманбекованың ұйымдастыруымен естелік ретінде колледждің оқу ғимараты ауласына 26 ағаш және түймедақ гүлдерін отырғызды. Колледж директоры Е.Ғ.Нұрғалиев студенттерге оқу орнымыздың әсемденуіне үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     Мемлекеттік рәміздер- кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін ажырағысыз атрибуттарының бірі.
4 маусым мемлекеттік рәміздер күніне орай және азаматтық және патриоттық білім беру, рәміздерге деген құрмет қалыптастыру, оның маңызы мен сипатын түсіндіру мақсатында "Ту- тұтастық пен бірліктің белгісі", "Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы", "Рәміздерім-елдігімнің белгісі" тақырыптары бойынша танымдық тәрбие сағаттары өткізілді.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     Өткен ғасырдың 60-жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемінің қорғауға тікелей кірісу туралы мәселесі туындады. Дүние жүзі көлемі мен жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жасалды. Қызғалдақ- "Қызыл кітапқа" енген өсімдік. Бұл кітапқа енгізілуі- оны ерекше көңілмен қорғау керек екендігін білдіреді. Студенттерді жерімізде саны азайып бара жатқан түрлерді қоруға шақыру мақсатында 1 курстар арасында "Қазақстан- қызғалдақтың отаны", "Қызғалдақ жұлсаңыз, қылмысты боласыз", "Қызғалдақ- достық пен берекенің нышаны" тақырыбында онлайн тәрбие сағаттары өткізілді.

Бөлім:  Жаңалықтар

     Құрметті колледж ардагерлері, студенттер, әріптестер!
Сіздерді татулық пен келісім мерекесі 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы–ырысы, байлығы–берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!

 

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 30 Сәуір 2021 10:20

"Бейбітшілік-ел тірегі"

     Колледжде 2021 жылдың 30 сәуір күні 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай барлық оқу топтарында "Бейбітшілік-ел тірегі" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтілді.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     QazVac отандық вакцинасы туралы
ҚР БҒМ Ғылым комитеті Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Дальтонқызы Закарья «БҒМ LIVE» айдары аясында тікелей эфирге шығады. Спикер қоғамды толғандыратын өзекті сұрақтарға жауап береді: отандық вакцина коронавирустан қалай қорғайды, ол қаншалықты тиімді және қауіпсіз, ковидпен ауырғандарды егуге ұсынылады ма және т.б. Тікелей эфир 2021 жылғы 30 сәуірде сағат 12.00-де министрліктің Instagram-дағы парақшасында жүргізіледі. ♻️♻️♻️♻️♻️♻️♻️♻️♻️

     Об отечественной вакцине QazVac
В рамках рубрики «БҒМ LIVE» спикером выступит генеральный директор Научно-исследовательского института проблем биологической безопасности КН МОН РК Кунсулу Дальтоновна Закарья.
Она ответит на актуальные вопросы, интересующие общественность: каким образом отечественная вакцина защитит население от коронавируса, насколько она эффективна и безопасна, рекомендуется ли она для применения переболевшим ковидом и т.д.
Прямой эфир состоится 30 апреля 2021 года в 12:00 часов на официальной странице министерства в Instagram.

@bilim_jane_gylym

Бөлім:  Жаңалықтар

     28 апреля 2021 года в Актюбинском Гуманитарном колледже в ходе проведения декады специальности УМО «Русский язык и литература» состоялся открытый урок на тему: «Организация и содержание работы в основной период обучения грамоте». Цель урока: познакомить студентов с основными задачами букварного (основного) периода обучения грамоте; сформировать знания по организации и содержанию работ в основной период обучения грамоте; способствовать развитию у студентов умения проводить методический анализ страниц учебника «Обучения грамоте», в рамках обновления содержания начального образования. При изложении учебного материала преподаватель использует проблемные вопросы, слайды, презентацию, видео урок (фрагмент). Студенты имели возможность поработать со страницами учебника «Обучение грамоте» и закрепить полученные знания на занятиях На уроке использовались ИКТ для активизации познавательной деятельности студентов, наглядный, репродуктивный, частично- поисковый методы. Эффективно использованы разные формы организации занятия: фронтальная беседа по наводящим вопросам и при закреплении материала, индивидуальная – выступление учащихся. Все формы работы использованы в соответствии со структурой занятия и его задачами. Урок прошёл успешно, реализованы все поставленные цели урока.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     27 апреля 2021 года в Актюбинском гуманитарном колледже в ходе проведения декады специальности УМО «Русский язык и литература» состоялся открытый урок на тему: « Н. В. Гоголь «Шинель». Цитатный образ Башмачкина». Цель - проследить раскрытие темы «маленького человека» в русской литературе; определить тему, идею; научить анализировать текст, слушать друг друга, задавать вопросы; высказывать своё мнение , аргументировать и приходить к совместному решению; воспитание любви и уважения к личности человека.
     На уроке использовались ИКТ для активизации познавательной деятельности студентов, а также прием взаимооценивания, где студенты повторяют, закрепляют изученный материал и в то же время анализируют собственный уровень знаний. Особое внимание преподавателя уделялось оценочному листу, где студенты соответственно критериям оценивали друг друга в паре. Были применены следующие формы работы: коллективная, индивидуальная, диалоговая ,работа в парах. Умственные действия опирались и подкреплялись практическими. Учебный материал на протяжении всего урока работал на организацию посильного поиска и исследования. Урок прошел успешно, на хорошем эмоциональном уровне ,реализованы все поставленные цели урока. Студенты и преподаватели получили огромное удовольствие от общения.

Бөлім:  Жаңалықтар

     Республикалық бейнесабақтар фестивалі
  2021 жылдың сәуір айында Республикалық «Өнер және мәдениет» оқу -әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен бейнесабақтар фестивалі өткізілді. Фестиваль мақсаты - техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында үздік бейнесабақтарды анықтау. Байқауға Республикамызда аталған бейін бойынша мамандар даярлайтын оқу орындарының арнайы пәндер оқытушылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Даулеткалиева Гульмирам Косымовна «Библиографиялық құралдарды құрастыру жолдары» тақырыбындағы бейнесабағы үздік деп танылып, II орын және қаржылай сыйлықты иеленді. Сонымен қатар арнайы пәндер оқытушысы Қартанова Айгүл Әбдіқалыққызының М.Қойшыбаев «Романс»п тақырыбына түсірілген бейнесабағы 10 үздік жұмыстың қатарына еніп, арнайы Дипломмен марапатталды.
Республикалық жаңашыл байқаудағы лайықты жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     Қазақстан- қызғалдақ отаны. Елімізде 35 түрі бар, 18 түрі "Қызыл кітапқа" енгізілген. Қазақстан брендіне айналған қызғалдақтардың өсуіне қолайлы жағдай жасалмағандықтан, әрі ысыраппен жұлынуының, бағалай білмеудің салдарынан біртіндеп жойылып бара жатыр.
Жылына бар болғаны 15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар бүкіл алқапты қызыл кілемге көмкеріп, жазиралы кең даланы одан сайын асқан сұлулық пен әсемдікке бөлейді. Есіңізде болсын! Қызғалдақты жұлсаңыз, қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз!

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 8 of 47
  • Жұбанова Ұлжан
    Р-215

  • Тұрманова Қаламқас
    Мд-215

  • Есенгельдинова Мирамгүл
    Кт-105

  • Бозакова Дария
    Мк-405

  • Үмбетбаева Жулдыз
    Мд-405

  • Мұханбетқалиева Гүлзат
    Р-215

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс