Қазақстан- қызғалдақ отаны. Елімізде 35 түрі бар, 18 түрі "Қызыл кітапқа" енгізілген. Қазақстан брендіне айналған қызғалдақтардың өсуіне қолайлы жағдай жасалмағандықтан, әрі ысыраппен жұлынуының, бағалай білмеудің салдарынан біртіндеп жойылып бара жатыр.
Жылына бар болғаны 15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар бүкіл алқапты қызыл кілемге көмкеріп, жазиралы кең даланы одан сайын асқан сұлулық пен әсемдікке бөлейді. Есіңізде болсын! Қызғалдақты жұлсаңыз, қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз!