Құрметті колледж ардагерлері, студенттер, әріптестер!
Сіздерді татулық пен келісім мерекесі 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы–ырысы, байлығы–берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!