Жұма, 02 Сәуір 2021 10:16

Амандыкова Назира Дуйсенбайқызы

     Қай мамандық болмасын оның бір белгілі айрықша белгісі болады. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалады. Мұғалімнің кәсібінің ерекшелігі, ең алдымен, оның педагогтік әдебінде. Әнші үшін үн немесе музыкант үшін музыканы ұғыну қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтік әдеп сондай қажет. Педагогтік әдеп сақталмайынша білім алушымен тіл табысу мүмкін емес, ал білім алушылардың тілін таппайынша оқу-тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ. Амандыкова Назира Дуйсенбайқызы - парасаттылық, ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау сияқты қасиеттермен ерекшеленетін ұстаз. 37жылдық педагогикалық еңбек өтілімінің 27жылында болашақ мұғалімдерді даярлауда өз білімін жастарға жеткізіп, оларды қоғамның адал перзенті ретінде тәрбиелеуде, ғылым шыңына шығаруда, терең білімі мен қажырлы еңбегі, дәріскерлік шеберлігі, басқару ісіндегі парасаттылығымен қызмет етіп келеді.
     Әр студентке білім мен ілім беріп қана қоймай, өмірлік ұстанымдары мен болашаққа сенімді қалыптастырып келе жатқан, көптеген тұлғалардың кәсіби мансабына жол ашқан қасиетті қара шаңырақ ұстазы Амандыкова Назира Дуйсенбайқызы 2001-2003жылдары негізгі білім беру негізіндегі мектеп бөлімінің меңгерушісі, 2003-2008 жылдар аралығында колледж әдіскері қызметтерін атқарды. 2017-2020 жылдары «Педагогика және психология» оқу әдістемелік бірлестігіне жетекшілік етті.
     2014-2016 жылдары шағын жинақталған мектептерді зерделеу мақсатында эксперименттік жұмыс тобының мүшесі ретінде облысымыздың көптеген аудандарында болып, шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне арналған іс-шараларды өткізуде белсенділік көрсетті.
Жоғары санатты педагогика және психология пәндерінің оқытушысы Назира Дуйсенбайқызының «Шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру» (2013ж), «Шағын жинақты мектепте сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру» әдістемелік нұсқаулығын (2015ж), «Курстық жұмыс ережесі» жобасын (2018ж), «Психология пәнінен әдістемелік кешенін» (2019ж), «Жаңа педагогикалық технологиялар пәнінен тест жинағын» (2019ж) колледж оқытушылары мен студенттері кеңінен пайдаланады. Оқытушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, АҚ «ТжКБ дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының» Алғыс хатымен, Ақтөбе облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Өз тарихында көптеген білім саласының майталмандарын қанаттандырған құтты ұя, өткен мен болашақтың «алтын көпірінің» діңгегі болып отырған Ақтөбе гуманитарлық колледжінде қызмет етуді осы оқу орнының түлегі әрі бүгінгі ұстазы болуды Назира Дүйсенбайқызы мақтанышпен айтады.

#қажырлыеңбек
#выдающийсяуспех

Оқылды 776 рет
  • Ерланова Жулдызай
    Шт-305

  • Ермекова Мөлдір
    Мк-105

  • Нағашыбаева Жаңагүл
    Бк-315

  • Әлуова Гүланар
    Шт-305

  • Тұрманова Қаламқас
    Мд-215

  • Қайдасов Жасұлан
    Мк-105

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс