Ағымдағы жылдың 16 наурыз күні «Шығармашылық іс-әрекет- кәсіби құзыреттілік негізі» тақырыбындағы «Әлеуметтік мәдени қызмет және өнер» оқу әдістемелік бірлестігінің мамандық онкүндігі аясында оқытушы Картанова Айгүл Әбдіқалыққызының негізгі аспап(қобыз) пәнінен ашық сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: Қобыз аспабында негізгі штрихтармен жұмыс”
Мақсаты: Қобыз аспабында орындалатын негізгі штрихтарды меңгеру. Дыбыс шығару, ысқышты дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыу.
Сабақ ОД-105 топ(1 курс) студенті Ерболат Айшабибімен өтті. Концертмейстер Г.Д.Мурзабекова.Оқытушы сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы оқушыны шығармашылыққы жетелей білді. Әр шығармадағы штрихтарға тоқталып,дыбыстың сапасы, ысқыштың дұрыс қолданылуы,иннтонацияның дәлдігімен жұмыс жасалды. Шығармаларды концертмейстердің сүйемелдеуімен және оқытушымен ансамблде орындады. Сабақ соңында Микс жаттығу» әдісі арқылы оқушы берілген трек сөздерді қолданып, өз жанынан әуен шығарды.Оқушыға өз бетінше орындауға тапсырмалар беріліп, бағалау критерийі бойынша қорытындыланып бағаланды.
Сабаққа қатысқан оқытушылар тарапынан оқушының аспапты алғаш меңгеру сатысында болғанына қарамастан қол жеткізген жетістігі; жүйелі жұмыс, нақты талап; оқытушының іскерлігі; оқушының пәнге,аспапқа деген талпынысы жоғары бағалады.