2021 жылғы 2 ақпан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жиенкулованың ұйымдастыруымен күндізгі оқу топтарында білім алатын 1 курс студенттері мен жатақханада тұратын студенттерге кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі колледж инспекторы А.Т.Мирзакельдиевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттердің құқықтары мен міндеттері, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары, сонымен қатар колледждің ішкі тәртіп ережелері, студенттердің ар-намыс кодексі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.