Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №180 бұйрығының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды.
2020-2021 оқу жылының ІІ жартыжылдығы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан, мүгедек және бала кезінен мүгедек студенттер үшін төмендегі көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша құжаттар жинақтау жалғасуда;
Құжаттар тізбесі
Белгіленген нысандағы өтініш;
туу туралы куәлік-көп балалы отбасылардың балалары үшін;
қорғаншылықтағы (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;
мүгедектігі туралы анықтамалар-мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы-даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;
өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтамалар-атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін;
табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар)-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.
Ескерту: Құжаттарыңызды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жолдайсыздар. Құжаттарыңыз арнайы құрылған комиссия тексерісінен өтілген кезде ғана тегін тамақтандыруға ұсынылады, тегін тамақтандыру қаржылай түрде жеке есеп-шоттарыңызға жіберіледі.
Әлеуметтік педагог: Ыбраймова Ардак Юсуповна
Байланыс тел: 8(702) 2524682