Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымындағы жалпы білім беретін, әлеуметтік- қоғамдық және арнайы пәндерді оқытудың ерекшелігі» тақырыбындағы облыстық шебер-класс бағдарламасы бойынша Ақтөбе гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Алмагуль Максутовна Канибекова «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» пәнінен «Понятие множества. Действия над множествами» тақырыбына шебер-класс өткізді.
    Оқытушы сабақтың әр кезеңінде оқытудың белсенді әдістерін қолданда отыры, қатысушылармен белсенді іс –әрекет қалыптастыруға алғы шарттар жасай білді. Жиын ұғымын оқыту әдістемесімен байланыстырып, оқу процесінде қызығушылығын арттырудың теориялық негіздерін көрсете білді. Арнайы пәнді оқытудың заманауи технологияларды шебер пайдаланды. Оқытушының әдістемелік біліктілігі, инновациялық тұрғыда ойлап, сабақты қызықты өткізуі және пәннің ерекшелігін ескере отырып оқытуы әріптестеріне ұнады.
    Шебер -класс өткізген кезде оқу үдерісін оңтайлы, тиімді және мазмұнды басқара отырып танымдық іс – әрекетін практикалық жағдайда қолдана білуге көңіл бөле білді.

  

 

Бөлім:  Жаңалықтар

2021 жылғы 25 ақпан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі тапсырмасымен келген Арнайы мониторингтік топ Ақтөбе гуманитарлық колледжінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жасаған жұмыстарымен танысып, өз жұмысы барысында арнайы ақпараттық стендтер, Парасаттылық мектебі, Адалдық дүкені, жоспарлы өткізілген жұмыстар мен іс-шаралар құжаттарын қарады. Сонымен қатар «Саналы ұрпақ» клубы, жоспары және студенттермен жүргізілген іс-шаралар құжаттары, колледж сайтындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігі және онда орналастырылған ақпараттар көрсетілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатына бағытталған бақылау барысында мониторингтік топ өкілдері колледж басшылығы және қызметкерлермен сұхбат жүргізіп, әдістемелік көмектерін ұсынды. #smg.aktoberegion

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     2021 жылдың 19 ақпанында Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Студент жетістігі-педагог жемісі» тақырыбындағы Музыкалық аспаптар оқу-әдістемелік бірлестік оқытушыларының мамандық онкүндігі аясында «CБ-405-топ студенттері, бітіруші түлектері» Сатмагамбетова Гульнара Найзабаевнаның ұйымдастыруымен онлайн лекция-концерті ZOOM платформасы арқылы өтті.
Шара барысында қазіргі таңда білім алып отырған және жоғары оқу орнында білім алып жатқан студенттер мен түлектер өз жетістіктерін көрсете отырып, шығармаларын орындады. Негізгі аспап фортепианода Сатмагамбетова Гульнара Найзабаевнадан 4 жыл бойы білім алып жатқан студенттер мен бітіруші түлектер өз өнерлерін, білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.
Онлайн лекция-концерт барысында ұстаз бен шәкірт арасындағы жемісті еңбекті насихаттай отырып, болашақ жас мамандардың пәнге деген қызығушылығын арттырды. Абай атамыз айтқандай, «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен.
Студенттерді білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, талмас еңбекқорлық, таза ниетпен жұмыс жасалып отырғаны байқалды. Шара қатысушылар тарапынан жоғары баға алды.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқу бөлімі ZOOM платформасы арқылы студенттер арасында «Platonus жүйесімен онлайн анықтама алу туралы» түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттерге анықтаманың түрлерін түсіндірді, онлайн сұраныс берудің тәртібін көрсетті және онлайн анықтама алудың ережесімен таныстырды. Кездесу барысында студенттер маңызды ақпарат алып, өз сұрақтарына жауап ала алды.

 

Бөлім:  Жаңалықтар

     Ағымдағы жылдың 19.02.2021 ж. күні «Бастауыш білім беру» бөлімінде Нурниязова Айбопе Нурлыхановнаның ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасы аясында Бк-105 топ студенттерінің қатысуымен «Махаббат – сабағы» атты шығармашылық сабақ өтті.
Мақсаты: Студенттерді жалпы адамзаттық құндылықтар әлеміне тарту, өздерінің жақын адамдарының ізгі әрекеттерін бағалауға, ұлы тұлғалардың өнегелі істерінен үлгі алу, ізгі әрекеттерді насихаттау.
Кеш барысында студенттер сүйіспеншілік кұндылығы арқылы «Махаббат» ұғымының мәнін аша отырып, өзара ой бөлісті. Студенттеріміз жанына жақын жандар ретінде өз ата-аналарын үлгі тұта отырып, ата-ананы отбасының діңгегі, бастапқы дәнекері ретінде көретінін жеткізді. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше, тіршіліктің қайнар көзі,махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы — әке мен ана есімдеріне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ екенін шығармаларында көрсетіп, шын жүректерінен шыққан өлең жолдарын арнады. Сонымен қатар «Менің жанұям» тақырыбында бейнероликтер, презентациялық слайдтар көрсетілді. Кеш соңын студенттер «Аяулы ана» әнімен аяқтады.

  

Бөлім:  Жаңалықтар
Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 09:30

“Мейірімділік жасауға асығайық!»

     Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанға тосу, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іс, әрбір адамзаттың азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.
«Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Мейірімділік жасауға асығайық» тақырыбында қамқорлыққа алған балалардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін оятып отырған қамқоршыларға алғыс айту мақсатында онлайн тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Өткізілген тәрбиелік шарада ҚТ-115 тобының студенті Ажгереев Азамат Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңін орындап, колледж психологы Сатаева Айгүл Ермековқызы психологиялық «Мен қандаймын?» атты ойын-жаттығуын жүргізді.
Шараға қатысушы қамқоршыларымыз Қалеш Балмуханова, Ажгереева Жаңагүл, Мукашева Мариналар колледж ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.

  

 

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 18 Ақпан 2021 12:00

«Білімді ұрпақ – ұлт болашағы»

     17.02.2021 күні «Музыкалық аспаптар» оқу – әдістемелік бірлестігінің он күндік аясында «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» атты онлайн форматтағы әдістемелік сағат жоғары дәрежеде өтті. СБ-405 студенттері диплом алдындағы мемлекеттік іс – тәжірбиені қала және ауыл мектептерінде 22 студент онлайн және офлайн форматта, 2 студент Облыстық ғылыми – тәжірбиелік орталығында өтті.
Барлық студент талапқа сай іс құжаттарын тапсырып бағаланды. Студенттерді болшақ маман ретінде қолдау және ынталандыру мақсатында «Ең үздік қорғау», «Ең үздік құжат» номинациялары тағайындалды. «Ең үздік қорғау» видеороликтерін дайындағандар: Набиева Н,Тауманова А, Байсагизова А.
Осы топтың студенттері қатысып, болашақ мамандықтарына бастау алды. Осы шараны ұйымдастырған «Музыкалық аспаптар» ОӘБ оқытушылары әдіскер Жусупова М.М, Булекеева Н.С

  

 

 

Бөлім:  Жаңалықтар

     17.02.2021 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжі "Музыкалық аспаптар"оқу әдістемелік бірлестігінің «Шығармашылық ізденіс және кәсіби даму" тақырыбыдағы мамандық онкүндігі аясында "Шырқа сырнай!" атты оқытушылар Абишева Элеонора Ажибаевна, Дюсова Шаттық Доскайровна жергілікті Ақтөбе өңірінің баяншылар триосымен онлайн лекция-концерт өткізді.
Лекция-концертке Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының оркестр әртістері,баяншылар Жақсыбеков Ғарифолла Орынбасарұлы , Елубай Әсет Елеусізұлы, Қарымсақов Жеңісбек Төлеуұлылар қатысты. Кеш барысында қазақ, шетел композиторларының танымал шығармалары орындалды. Композиторлары мен орындалған шығармаларға аннотациялық түсінік берілді. Баяншылар ансамблінің орындаушылық шеберліктері ұстаздар мен студенттердің көңіліне керемет рухани әсер қалдырды.
Кеш қонақтары ұстаздық қызметіндегі іс-тәжірибелерімен бөлісіп,колледж ұстаздарына ыстық ықыластарын білдірді.Кеш жоғары деңгейде өтті.
Келешекте баяншылар шығармашылығымен оффлайн кезеңінде де сұхбат кешін өткізу жоспары көзделді.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

Ағымдағы оқу жылының 15- ақпан күні музыкалық аспаптар оқу әдістемелік бірлестігінің "Шығармашылық ізденіс және кәсіби даму" мамандық онкүндік аясында қосымша музыкалық аспап (фортепиано) пәнінен "Қашықтықтан оқыту кезінде фортепиано аспабын меңгертудің тиімді жолдары " тақырыбында оқытушы Г.С.Ергалиева СБ 405 топ студенті Бахтиярова Мадинамен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты - қашықтан оқыту кезінде студенттің музыкалық білімін жетілдіру, аспапта ойнау қабілетін дамыту, сүйіспеншілігін арттыру. Сабақ барысында оқытушы теориялық білімін іс-тәжірибемен ұштастыра білді. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, арнайы пәндермен пән аралық байланыс жасады. Студенттің дайындығы өте жақсы, сабаққа белсенді қатысты.Сабақ «Бес саусақ»әдісімен қорытындыланып,кері байланыс жасалды.Қатысушы оқытушылар сабақтың жоғары деңгейде өткізілгендігін айтып пікірлерін қалдырды.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     2020-2021 оқу жылындағы 16 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Қашықтықтан оқыту кезіндегі, дауыс қою сабағында кездесетін кедергілердің алдын алу тәсілдері» атты «Мәдениет және саз» бөлімінің «Дирижерлау және дауыс қою» пән бірлестігінің әдістемелік апталық аясында ұйымдастырылған республикалық онлайн дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Қашықтықтан оқыту кезіндегі, дауыс қою сабағында кездесетін кедергілердің алдын алу тәсілдерімен тәжірибе алмасу.
Онлайн – кездесуде Астана халықаралық университеті ЖШС педагогикалық колледжінің музыкалық пәндер оқытушысы Жұмабаева Ғалия Аронқызы, вокал класының оқытушысы Минайдарова Ғалияш Альшуразовна, вокал класының оқытушысы Уразбекова Замзагуль Кенжегалиевна, Алматы облысы, Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі «Үздік музыка пәні мұғалімі» төсбелгісінің иегері Досжанова Айсара Адамбековна құрметті қонақтары болып, пікір алмасу барысында өздерінің қашықтықтан оқыту кезіндегі қиыншылықтары, кедергілері және тиімді тәсілдерімен бөлісті. Алдағы уақытта да осындай кездесулердің жалғасуына, тәжірибелерімен алмасып, өзара тығыз байланыста болайық деген ниет тілектерін білдірді. Онлайн кездесу жоғары деңгейде өтіп, көптің көңілінен шықты.

  

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 14 of 21
  • Смагулова Гулсая
    Шт105

  • Жұбатқанова Ақтоты
    Од-105

  • Аймұрза Зейнеп
    Мк-105

  • Насрединова Айжан
    Бк-401

  • Сайлаубайқызы Назерке
    Мк-105

  • Әшір Ұлжан
    Мк-215

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс