2021 жылғы 25 ақпан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі тапсырмасымен келген Арнайы мониторингтік топ Ақтөбе гуманитарлық колледжінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жасаған жұмыстарымен танысып, өз жұмысы барысында арнайы ақпараттық стендтер, Парасаттылық мектебі, Адалдық дүкені, жоспарлы өткізілген жұмыстар мен іс-шаралар құжаттарын қарады. Сонымен қатар «Саналы ұрпақ» клубы, жоспары және студенттермен жүргізілген іс-шаралар құжаттары, колледж сайтындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігі және онда орналастырылған ақпараттар көрсетілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатына бағытталған бақылау барысында мониторингтік топ өкілдері колледж басшылығы және қызметкерлермен сұхбат жүргізіп, әдістемелік көмектерін ұсынды. #smg.aktoberegion