Бейсенбі, 18 Ақпан 2021 10:43

«Қашықтықтан оқыту кезіндегі, дауыс қою сабағында кездесетін кедергілердің алдын алу тәсілдері»

     2020-2021 оқу жылындағы 16 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Қашықтықтан оқыту кезіндегі, дауыс қою сабағында кездесетін кедергілердің алдын алу тәсілдері» атты «Мәдениет және саз» бөлімінің «Дирижерлау және дауыс қою» пән бірлестігінің әдістемелік апталық аясында ұйымдастырылған республикалық онлайн дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Қашықтықтан оқыту кезіндегі, дауыс қою сабағында кездесетін кедергілердің алдын алу тәсілдерімен тәжірибе алмасу.
Онлайн – кездесуде Астана халықаралық университеті ЖШС педагогикалық колледжінің музыкалық пәндер оқытушысы Жұмабаева Ғалия Аронқызы, вокал класының оқытушысы Минайдарова Ғалияш Альшуразовна, вокал класының оқытушысы Уразбекова Замзагуль Кенжегалиевна, Алматы облысы, Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі «Үздік музыка пәні мұғалімі» төсбелгісінің иегері Досжанова Айсара Адамбековна құрметті қонақтары болып, пікір алмасу барысында өздерінің қашықтықтан оқыту кезіндегі қиыншылықтары, кедергілері және тиімді тәсілдерімен бөлісті. Алдағы уақытта да осындай кездесулердің жалғасуына, тәжірибелерімен алмасып, өзара тығыз байланыста болайық деген ниет тілектерін білдірді. Онлайн кездесу жоғары деңгейде өтіп, көптің көңілінен шықты.

  

Оқылды 700 рет
  • Тәңірбергенова Гүлбану
    Мд-320

  • Тургунова Карина
    Р-405

  • Сәндібекова Гүлжайна
    Мд-215

  • Иманов Аманбек
    Од-205

  • Пастух Виктория
    Бк-401

  • Қалдыбай Аяулым
    Ктх-205

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс