Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымындағы жалпы білім беретін, әлеуметтік- қоғамдық және арнайы пәндерді оқытудың ерекшелігі» тақырыбындағы облыстық шебер-класс бағдарламасы бойынша Ақтөбе гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Алмагуль Максутовна Канибекова «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» пәнінен «Понятие множества. Действия над множествами» тақырыбына шебер-класс өткізді.
Оқытушы сабақтың әр кезеңінде оқытудың белсенді әдістерін қолданда отыры, қатысушылармен белсенді іс –әрекет қалыптастыруға алғы шарттар жасай білді. Жиын ұғымын оқыту әдістемесімен байланыстырып, оқу процесінде қызығушылығын арттырудың теориялық негіздерін көрсете білді. Арнайы пәнді оқытудың заманауи технологияларды шебер пайдаланды. Оқытушының әдістемелік біліктілігі, инновациялық тұрғыда ойлап, сабақты қызықты өткізуі және пәннің ерекшелігін ескере отырып оқытуы әріптестеріне ұнады.
Шебер -класс өткізген кезде оқу үдерісін оңтайлы, тиімді және мазмұнды басқара отырып танымдық іс – әрекетін практикалық жағдайда қолдана білуге көңіл бөле білді.