Ағымдағы оқу жылының 15- ақпан күні музыкалық аспаптар оқу әдістемелік бірлестігінің "Шығармашылық ізденіс және кәсіби даму" мамандық онкүндік аясында қосымша музыкалық аспап (фортепиано) пәнінен "Қашықтықтан оқыту кезінде фортепиано аспабын меңгертудің тиімді жолдары " тақырыбында оқытушы Г.С.Ергалиева СБ 405 топ студенті Бахтиярова Мадинамен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты - қашықтан оқыту кезінде студенттің музыкалық білімін жетілдіру, аспапта ойнау қабілетін дамыту, сүйіспеншілігін арттыру. Сабақ барысында оқытушы теориялық білімін іс-тәжірибемен ұштастыра білді. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, арнайы пәндермен пән аралық байланыс жасады. Студенттің дайындығы өте жақсы, сабаққа белсенді қатысты.Сабақ «Бес саусақ»әдісімен қорытындыланып,кері байланыс жасалды.Қатысушы оқытушылар сабақтың жоғары деңгейде өткізілгендігін айтып пікірлерін қалдырды.