Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 11:30

«Махаббат – сабағы» атты шығармашылық сабақ өтті.

     Ағымдағы жылдың 19.02.2021 ж. күні «Бастауыш білім беру» бөлімінде Нурниязова Айбопе Нурлыхановнаның ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасы аясында Бк-105 топ студенттерінің қатысуымен «Махаббат – сабағы» атты шығармашылық сабақ өтті.
Мақсаты: Студенттерді жалпы адамзаттық құндылықтар әлеміне тарту, өздерінің жақын адамдарының ізгі әрекеттерін бағалауға, ұлы тұлғалардың өнегелі істерінен үлгі алу, ізгі әрекеттерді насихаттау.
Кеш барысында студенттер сүйіспеншілік кұндылығы арқылы «Махаббат» ұғымының мәнін аша отырып, өзара ой бөлісті. Студенттеріміз жанына жақын жандар ретінде өз ата-аналарын үлгі тұта отырып, ата-ананы отбасының діңгегі, бастапқы дәнекері ретінде көретінін жеткізді. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше, тіршіліктің қайнар көзі,махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы — әке мен ана есімдеріне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ екенін шығармаларында көрсетіп, шын жүректерінен шыққан өлең жолдарын арнады. Сонымен қатар «Менің жанұям» тақырыбында бейнероликтер, презентациялық слайдтар көрсетілді. Кеш соңын студенттер «Аяулы ана» әнімен аяқтады.

  

Оқылды 810 рет
  • Әлуова Гүланар
    Шт-305

  • Маширикова София
    Бк-401

  • Алдекова Маншук
    Мк-105

  • Бозжанова Аружан
    Мд-205

  • Бозакова Дария
    Мк-405

  • Сафарғали Айкөркем
    Мк-305

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс