2021 жылдың 19 ақпанында Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Студент жетістігі-педагог жемісі» тақырыбындағы Музыкалық аспаптар оқу-әдістемелік бірлестік оқытушыларының мамандық онкүндігі аясында «CБ-405-топ студенттері, бітіруші түлектері» Сатмагамбетова Гульнара Найзабаевнаның ұйымдастыруымен онлайн лекция-концерті ZOOM платформасы арқылы өтті.
Шара барысында қазіргі таңда білім алып отырған және жоғары оқу орнында білім алып жатқан студенттер мен түлектер өз жетістіктерін көрсете отырып, шығармаларын орындады. Негізгі аспап фортепианода Сатмагамбетова Гульнара Найзабаевнадан 4 жыл бойы білім алып жатқан студенттер мен бітіруші түлектер өз өнерлерін, білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.
Онлайн лекция-концерт барысында ұстаз бен шәкірт арасындағы жемісті еңбекті насихаттай отырып, болашақ жас мамандардың пәнге деген қызығушылығын арттырды. Абай атамыз айтқандай, «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен.
Студенттерді білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, талмас еңбекқорлық, таза ниетпен жұмыс жасалып отырғаны байқалды. Шара қатысушылар тарапынан жоғары баға алды.