Ағымдағы жылдың 22 қараша күні №72 жалпы білім беретін орта ІТ мектеп-лицейі "ROBOBEK" робототехника мектебімен бірлесіп "РОБОФУТБОЛ" санаты бойынша робототехникадан ашық қалалық чемпионаты өткізілді.
22 қараша күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оқыту сапасының негізі» мамандық онкүндігі аясында «Педагогика және психология» оқу-әдістемелік бірлестігінің оқытушысы Султанова Марина «Оқыту сапасын жақсарту мақсатында сабақта сұрақ қоюды тиімді пайдалану» тақырыбында колледж жас оқытушыларымен семинар-тренинг ұйымдастырды.
21 қараша күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оқыту сапасының негізі» онкүндік аясында «Педагогика және психология» оқу-әдістемелік бірлестігінің оқытушысы Гульнур Табинбаева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» факультеті «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранты, тренер, ментор Райбек Сағадатовпен бірлесе «Оқу үдерісіндегі кері байланысты орнатудың инстаграмм желісінде жүргізу ерекшеліктері»тақырыбында «Бастауыш білім беру» бөлімінің студенттері мен колледж оқытушыларына шебер класс ұйымдастырды.
Шараның мақсаты: Ұлы ақиық ақынның шығармашылығын болашақ ұрпақ бойына дарыту, шығармаларын түсініп оқуға жұмылдыру.
Аталмыш шараға 30 студент қатысып, ұйымдастыру алқасы шешімімен бес үздік фото анықталды. Байқауға қатысқан барлық студенттер сертификатпен мараппаталды.
Кеш барысында Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ш.Жиенкулова колледж студенттерін мерекелерімен құттықтап, облыстық, қалалық деңгейде, колледжішілік қоғамдық іс шараларға белсенділік танытқан студенттерді және ата-аналарын «Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ж.Табылғановтың алғыс хатымен және Ақтөбе гуманитарлық колледжі директоры Е.Нұрғалиевтің алғыс хатымен марапаттады.
Кеш барысында студенттеріміз қызықты ойындарымызға белсенділік танытып, шараға қолдау білдірген @bota.mukaeva_expert салонының, @ag_sport_aktobe фитнес киім дүкенінің, @the_jigits_barbershop ерлер шаштаразының, @bai_doner, @obzhorik_aktobe, @my_bro_burger орталықтарының түрлі бағалы сыйлықтарына ие болды.
Спектакль мақсаты: Отбасы құндылығы, пәндік сыныптан тыс шараларда «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын интеграциялау жолдарын көрсете отырып, көркем шығармаларды оқуды насихаттау.
Ұйымдастырылған шара «Әдебиет және тілдер» бөлімі студенттерінің белсенділік танытуымен өтті. Басты рөлді, Исабеков рөлін Шт-305 тобының студенті Салимкереев Мирлан сомдады. Исабеков ғашық болған қыз ролін Шт-305 тобының студенті Оспанова Әлия, әйелі рөлін Қт-105 тобының студенті Есенгельдинова Мейрамгүл мен қызы рөлін Қт-105 тобының студенті Шалабаева Анарлар шебер ойнай білді.
2019 жылдың 14 қараша күні облыстық полиция департаменті мамандарының және колледж студенттерінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында профилактикалық акция өтті.
Онлайн –семинарда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер, оқыту процесіндегі рухани –адамгершілік тәрбие туралы, жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беру, CLIL пәндік-тілдік біріктірілген оқыту технологиясын іске асыру, «World Skills» кәсіптік дағдылар меңгеру мәселелері талқыланды.
13 қараша күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Жас оқытушылар» мектебі жоспарына сәйкес «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда жаратылыстану пәндерімен интеграциялау ерекшеліктері тақырыбында Химия және Өзін-өзі тану пәні оқытушысы Нурбол Токсанбаев семинар- практикум ұйымдастырды. Мақсаты: колледждің жас оқытушыларына «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын түсіндіру және интеграциялаудың жолдары туралы терең ақпарат беру.
Кешіміздің қонағы - «Тамаша ТВ» телеарнасының редакторы, жайдарманшы, журналист, ақтөбелік жігіт Өркен Алтынбекұлы өзінің студенттік шағындағы қызықты оқиғаларын айта отырып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.Алдағы уақытта қалай креативті маман болуды, қазіргі әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануды, әлеуметтік желіде қалай қызықты мақала жазу, өзінің идеясын қалай жетілдіру керек деген сауалдарға тоқталып өзінің тәжірбиесімен бөлісті.
Ағымдағы жылдың 12 қараша күні «Жаңашылдық – жаңа талап» мамандық онкүндігі жоспарына орай, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Гүлсім Наменова «Оқыту үдерісін ұйымдастырудағы интербелсенді әдіс - тәсілдер» тақырыбындағы семинар ұйымдастырды. Семинар мақсаты: «Интербелсенді әдіс- тәсілдердің заманауи түсінігін таныстыра отырып, студенттердің жан-жақты дамуында осы әдіс- тәсілдердің түрлерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру».
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru