Семинарға 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының БК- 205, 310 топ студенттері қатысты. Сабақта студенттер «Миға шабуыл», «Телебағдарлама жүргізушісі», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Жетістік қаласының тұрғындары», «Сені өзіммен аламын», «Өрмекші», «Шеринг» т.б. әдістерді тиімді қолданып, сабақтың әр кезеңіне интербелсенді әдістерді таңдап, алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білді. Сонымен қатар семинарда топпен, жұппен жұмыс жүргізудің ең қажетті жолдары көрсетіліп, студенттер бір – бірімен әңгіме, сұхбат және диалог түріндегі өзара әрекет жасай алды. Семинарда студенттер жоғары деңгейде белсенділік танытты.