Спектакль мақсаты: Отбасы құндылығы, пәндік сыныптан тыс шараларда «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын интеграциялау жолдарын көрсете отырып, көркем шығармаларды оқуды насихаттау.
Ұйымдастырылған шара «Әдебиет және тілдер» бөлімі студенттерінің белсенділік танытуымен өтті. Басты рөлді, Исабеков рөлін Шт-305 тобының студенті Салимкереев Мирлан сомдады. Исабеков ғашық болған қыз ролін Шт-305 тобының студенті Оспанова Әлия, әйелі рөлін Қт-105 тобының студенті Есенгельдинова Мейрамгүл мен қызы рөлін Қт-105 тобының студенті Шалабаева Анарлар шебер ойнай білді.
Студенттердің өз рөлдерін игеруі, музыкалық жағынан көркемделуі,декорация және реквезиттер көрмендер көңілінен шықты.
Спектакльді қоюшы қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Аманова Нұргүл мен арнаулы пәндер оқытушысы Қолғанатова Разия өз кәсіби шеберліктерін көрсете білді.