Super User

Super User

     12.03.2021 күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі Республикалық деңгейде «Болашақ тәрбиеші даярлауда жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелді Ақтөбе гуманитарлық колледжінің директордың оқу- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бибигуль Мустафиевна Жамекова ашып, бүгінгі күні мамандар даярлау ісіндегі жаңашылдық бағытында жұмыс түрлері мен дуалдық жүйенің маңызына тоқталды.
Шара М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі, Мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің меңгерушісі, педагогика пәні оқытушысы Назарова Сағидат Ахметжанқызы және педагогика пән оқытушысы Есмаханова Улжан Алибаевна, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі арнайы пәндер оқытушысы Елеусизқызы Меруерт өз тәжірибелерімен бөлісті.
     «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің оқытушылары Рабиға Шангалаева, Айнур Танаровна Жакебаева, Толкын Акмырзаевна Алпамысовалар қатысты тақырып төңірегінде өз тәжірибелерін ортаға салды. Дөңгелек үстел соңында мәселелер ұсынылды: 1. Болашақ маман даярлаудағы жаңартылған білім беру мазмұнын жандандыру бағытындағы сабақтас байланысты нығайту. 2. Дуалды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын жандандыру.
     Алдағы уақытта осы ұсыныстарды бірігіп іске асыруға өз ниет тілектерін білдірді. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтіп, көптің көңілінен шықты.

  

 

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Колледж директоры Е.Нұрғалиев ұжымдағы әйелдер қауымын мерекемен құттықтап және болашақ маман тәрбиелеу жолындағы еңбектерін атай отырып, Алғыс хатпен, кәсіподақ ұйымы атынан ақшалай сыйақымен марапаттады.
     Мерекелік шара колледж ер-азаматтары ұйымдастырған көңілді концертке жалғасып, нәзік жанды аруларға қуанышты көңіл-күй сыйлады.
Құрметті аналар, колледж ұстаздары, сұлу қыздар, мереке құтты болсын! Сіздерге мықты денсаулық, бақытты өмір тілейміз!

  

Сейсенбі, 02 Наурыз 2021 12:15

Volonter.2020Aqtobe

     2021 жылғы 2 наурыз күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі жастары Ақтөбе облыстық Volonter.2020Aqtobe Қоғамдық бірлестігінің басшысы Жалғасбаев Нұрбек Жәнібекұлымен кездесті. Зум платформасында өткен кездесу барысында Нұрбек мырза қоғамдық бірлестік жоспарымен, атқарылған іс-шаралармен таныстырып, студенттерді волонтерлар тобына қосылуға шақырды.

 

     Ағымдағы жылдың 3 наурызында «Әлеуметтік-экономикалық» оқу-әдістемелік пән бірлестік оқытушылары, Г.Б Ильясова, Тұрғамбай А.Б, Е.Қ Қалышев, Ақтөбе облыстық тарихи –өлкетану музейі және Кеңес Одағының батыры Ә. Молдағұлованың Ақтөбе облыстық-мемориалды музей қызметкерлерін қатыстыра отырып, «Өлкенің тарихи – жәдігерлік материалдарын сабақтарда қолдану ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды. Шара мақсаты - өлкетану материалдарын қолдану барысында оқу мен оқытуда ғылыми және әдістемелік деңгейін жетілдіру , заман талабына сай өлкетану жұмыстарын әдістемелік тұрғыдан қарастыру, насихаттау, тәжірибе алмасу.
     Семинар барысында Ақтөбе өңіріндегі тарихи объектілерге шолу жасалып, Қазақстан тарихын оқытудағы өлкетану деректерінің орны, музейдің ұлттық құндылықтарын жас ұрпаққа дәріптеудің маңызы талданып, өлкетану материалдарын қолдану арқылы отаншыл жеке тұлғаны қалыптастыру жөнінде тәжірибе алмасты. Семинарға қатысушылар жоғары белсенділігін көрсете отырып, өз мақсатына жетті.

  

     Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасында «Оқуға құштармын» оқырман бұрышы жобасы, «Бір ел-бір кітап» республикалық акция аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» тақырыбында виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
     Көрменің мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу.
     Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.
     Қазақстанда « 2021 жыл -Тәуелсіздік жылы» деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында «30 кітап - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.
     Кітапхана меңгерушісі: Ескарина Райла Жаксыбаевна

  

Дүйсенбі, 01 Наурыз 2021 15:00

1 наурыз –Алғыс айту күні

     Ақтөбе гуманитарлық колледжі директоры Ералы Ғұбайұлы Нұрғалиев колледж ұжымын 1 наурыз – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі - Алғыс айту күнімен құттықтап, ұжымның бірлігі мен берекесін нығайтуға үлес қосып отырған игілікті істері үшін барша ұжымға алғысын білдірді. Сонымен қатар колледж басшысы мерекелік құттықтау аясында колледждің «Мәдениет және саз» бөлімі оқытушысы Владимир Николаевич Рожковты мерейлі 60 жасымен құттықтап, отбасына бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тіледі.

  

     2021 жылдың 26 ақпан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапхана – рухани жаңғыру жолында» тақырыбында онлайн семинар өтті.
Семинардың өзектілігі - кітапханадағы жаңашылдықты ұсыну, электронды кітапханамен таныстыру.
     Семинарға Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Даулеткалиева Гулмирам Косымовна «Қазіргі кездегі «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша мамандарды даярлау» тақырыбында баяндама жасады. Оқытушы маман даярлау ісіндегі жаңалықтар мен қазіргі таңдағы PLATONUS платформасымен ұйымдастырылып отырған оқу-тәрбие үдерісіне тоқталды. Сонымен қатар білім алушыларды жан-жақты бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасулары үшін колледжі тарапынан және әлеуметтік серіктестер тарапынан қолдау түрлеріне тоқталды.
    Семинарға ғылыми кітапхана қызметкерлері, колледж, мектеп кітапханашылары қатысты. Оқытушы болашақ мамандарды даярлау ісімен қатар, кәсіби бағдар беру жұмысын да қамтып өтті.

  

     Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымындағы жалпы білім беретін, әлеуметтік- қоғамдық және арнайы пәндерді оқытудың ерекшелігі» тақырыбындағы облыстық шебер-класс бағдарламасы бойынша Ақтөбе гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Алмагуль Максутовна Канибекова «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» пәнінен «Понятие множества. Действия над множествами» тақырыбына шебер-класс өткізді.
    Оқытушы сабақтың әр кезеңінде оқытудың белсенді әдістерін қолданда отыры, қатысушылармен белсенді іс –әрекет қалыптастыруға алғы шарттар жасай білді. Жиын ұғымын оқыту әдістемесімен байланыстырып, оқу процесінде қызығушылығын арттырудың теориялық негіздерін көрсете білді. Арнайы пәнді оқытудың заманауи технологияларды шебер пайдаланды. Оқытушының әдістемелік біліктілігі, инновациялық тұрғыда ойлап, сабақты қызықты өткізуі және пәннің ерекшелігін ескере отырып оқытуы әріптестеріне ұнады.
    Шебер -класс өткізген кезде оқу үдерісін оңтайлы, тиімді және мазмұнды басқара отырып танымдық іс – әрекетін практикалық жағдайда қолдана білуге көңіл бөле білді.

  

 

2021 жылғы 25 ақпан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі тапсырмасымен келген Арнайы мониторингтік топ Ақтөбе гуманитарлық колледжінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жасаған жұмыстарымен танысып, өз жұмысы барысында арнайы ақпараттық стендтер, Парасаттылық мектебі, Адалдық дүкені, жоспарлы өткізілген жұмыстар мен іс-шаралар құжаттарын қарады. Сонымен қатар «Саналы ұрпақ» клубы, жоспары және студенттермен жүргізілген іс-шаралар құжаттары, колледж сайтындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігі және онда орналастырылған ақпараттар көрсетілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатына бағытталған бақылау барысында мониторингтік топ өкілдері колледж басшылығы және қызметкерлермен сұхбат жүргізіп, әдістемелік көмектерін ұсынды. #smg.aktoberegion

  

Page 18 of 60
  • Музыкант Екатерина
    Р-305

  • Әлуова Гүланар
    Шт-305

  • Әшір Ұлжан
    Мк-215

  • Асылбекқызы Тұмар
    Бк-305

  • Ермекова Мөлдір
    Мк-105

  • Марченко Людмила
    Бк-301

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс