Super User

Super User

     2021 жылдың 20 сәуір күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі жанынан құрылған "Жаңа ғасыр" дебат клубының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жастардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін арттыру, қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында студенттер арасында «Қазақстанның болашағы - жастардың қолында» атты колледжішілік дебат турнирі өткізілді.
     Турнирде фракциялар "Бұл палата қашықтықтан оқу жүйесінің зиянынан пайдасы көп деп есептейді", "Бұл палата кез келген проблема ақшамен шешіледі деп санайды", "Бұл палата жастар ертерек отбасын құруы керек деп есептейді", "Бұл палата қазақ тілінің мәртебесін көтеруді қолдайды" қарарлары бойынша пікірталас ойынын көрсетті.
     Нәтижесінде озық ой, терең білімімен көзге түсіп І орынды "Агк" фракциясы (Мк-105, Қт-115), ІІ орынды "Ирина Кайратовна" фракциясы (Шт-106), ІІІ орынды "INFINITY" фракциясы (Бк-110) және "Үздік спикер" номинациясын Қт-115 топ студенті Салиева Динара иеленді.
#дебат
#ұшқыр_ой_алаңы
#ұшқыр_ой_алаңы_ақтөбе
#руханижаңғыру4жылақтөбе

  

Дүйсенбі, 19 Сәуір 2021 10:07

«Жасыл ел»

     Жазғы демалыс уақытында жастарды жұмысқа ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған «Жасыл ел» жобасы өз жұмысын бастайды.
«Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ «Жасыл ел» жобасы аясында16 жастан бастап жоғары сынып оқушылары мен студенттерді, 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарды қоғамдық жұмыстарға бағыттайды. Ақтөбе қаласында тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген студенттер бағдарламаға қатысуға мүмкіндігі бар.

Ол үшін келесі құжаттарды 30 сәуірге дейін 116 кабинетке тапсыру қажет:
1. жеке куәлік көшірмесі;
2. оқу орнынан анықтама;
3. 20 сандық есепшоты; ("Халық банк")
Айлық еңбек ақы көлемі - 65 000 тенге

Анықтама телефондары 8-708-711-62-86
Жауапты: Жастар ісі жөнін

     Студенттер және ата-аналар назарына!
Егер сізде қандай да бір жағдай туындаса, оны шеше алмай көмекке мұқтаж болсаңыз, «Сенім және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» жәшігіне өздеріңізді ойландырып, толғандырып жүрген сұрақтарыңызды салуларыңызға және «Сенім телефонына» хабарласуыңызға болады.
Сенім жәшігі әр жұма сайын жаңартылып отырады.
Электронды почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
«Сенім телефоны» 90-62-43

Жұма, 16 Сәуір 2021 10:00

«WorldSkills Kazakhstan Aktobe-2021»

     Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе гуманитарлық колледжі базасында 14.04.2021ж. күні алғаш рет «Музыканы оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan Aktobe-2021» аймақтық чемпионаты өткізілді. Чемпионатқа колледжден «Музыкалық білім беру» мамандығының 4-курс студенттері Тауманова Ақкүміс, Нәбиева Назкен қатысты. Қатысушыларға компатриоттар «Мәдениет және саз» бөлімі оқытушылары М.М.Жусупова және Ш.Д.Дюсова Шаттык жетекшілік етті.
     «WorldSkills Kazakhstan Aktobe-2021» аймақтық чемпионатына Ақтөбе гуманитарлық колледжінен бекітілген жауапты мамандар, директор орынбасарлары Қ.Ү.Баянов пен Б.М.Жамекованың жоғары деңгейде ұйымдастыруымен «Музыканы оқыту» құзыреттілігі бойынша чемпионат өз дәрежесінде өтті. Чемпионатқа әлеуметтік серіктестік өкілдері Баймуханова Гульсим Мешиткалиевна бас сарапшы және Картмагамбетова Айгуль Марсовна сарапшы ретінде басшылық етті. Чемпионатқа қатысушылар 5 модуль бойынша құзіреттілік тапсырмаларын берілген уақытта талаптарға сай орындап, АКТ-ны шебер қолдана отырып презентация қорғады. Екі қатысушы да тапсырмаларды кәсіби талаптарға сәйкес қорғап, өздерінің мамандығына сай дағды-біліктіліктерін, қазіргі заманауи технологияларды жетік меңгергендігін жоғары дәрежеде көрсетті. Практикалық тапсырмаларды орындау барысында аталған мамандықтың І курс студенттерінен құрылған волонтёрлер қатысты.«Музыканы оқыту» құзыреттілігі бойынша аймақтық чемпионаттың қорытындысы арнайы критерийлер негізінде шығарылып, қатысушы Н.Нәбиева І жүлделі орынды, А.Тауманова ІІ орынды иеленді.

    

Бейсенбі, 15 Сәуір 2021 14:05

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»

     2021 жылдың 15 сәуір күні колледжде ОД-105 топ кураторы А.Б.Каргабаева, колледж психологтары А.Е.Сатаева, Н.Е.Жармұханбет және әлеуметтік психолог А.Ыбрайымның ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында Од-105 тобы сұлулық пен әсемдікке бағытталған өз өнерлерін ортаға салып, колледж психологтары топ студенттеріне тренинг өткізді.

  

Сейсенбі, 13 Сәуір 2021 11:00

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"

     Рухани жаңғыру- қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасының мақаласында ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай,жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол деп айтқан еді. Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Жастардың бойындағы тұлғалық ойды жаңарту мақсатында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттік парламенті "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" тақырыбында баяндама оқып, бағдарлама бағыттары бойынша ойларын ортаға салды.
#Руханижаңғыру4жылАқтөбе

  

Дүйсенбі, 12 Сәуір 2021 10:30

"Рухани жаңғыру"

     2021 жылғы12 сәуір күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасының төрт жыл толуына орай жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен топтар арасында онлайн форматта тәрбие сағаттары өткізілді. Шараның мақсаты - студенттерді Елбасының идеялары мен бастамаларын жан-жақты таныстыру, Мемлекет басшысының ұстанған саясатын ілгерілету, қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру болатын. Студенттер "Өлке құндылығы- ұрпаққа мұра", ""Мәңгілік ел" идеясының тарихи негіздері", "Облысымыздың киелі жерлеріне онлайн саяхат", "Қазақстан- достықтың киелі мекені, ынтымағы жарасқан құтты мекен", "Ұрпақ тәрбиесі- ұлт тәрбиесі", "Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың ықпалы" тақырыптары бойынша жобалар қорғап, өзара талқылау жұмыстарын жүргізді.
#Руханижаңғыру4жылАқтөбе

  

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес "Таза сессия" акциясы бастау алды. Акцияның мақсаты - құқықтық сананы және студенттердің белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңнаманы бұзу фактілеріне қырағылығын арттыру болып табылады.

    

Page 14 of 60
  • Бозжанова Аружан
    Мд-205

  • Длимбетова Амина
    Р-405

  • Иманов Аманбек
    Од-205

  • Келдикова Аружан
    Шт-405

  • Болатова Мадина
    Шт-105

  • Асылбекқызы Тұмар
    Бк-305

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Блог директора

Уважаемый абитурент! Вы можете задать вопрос директору колледжа.

Подробнее

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс