Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасында «Оқуға құштармын» оқырман бұрышы жобасы, «Бір ел-бір кітап» республикалық акция аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» тақырыбында виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу.
Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.
Қазақстанда « 2021 жыл -Тәуелсіздік жылы» деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында «30 кітап - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.
Кітапхана меңгерушісі: Ескарина Райла Жаксыбаевна