Жұма, 12 Наурыз 2021 15:03

«Болашақ тәрбиеші даярлауда жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері»

     12.03.2021 күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі Республикалық деңгейде «Болашақ тәрбиеші даярлауда жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелді Ақтөбе гуманитарлық колледжінің директордың оқу- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бибигуль Мустафиевна Жамекова ашып, бүгінгі күні мамандар даярлау ісіндегі жаңашылдық бағытында жұмыс түрлері мен дуалдық жүйенің маңызына тоқталды.
Шара М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі, Мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің меңгерушісі, педагогика пәні оқытушысы Назарова Сағидат Ахметжанқызы және педагогика пән оқытушысы Есмаханова Улжан Алибаевна, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі арнайы пәндер оқытушысы Елеусизқызы Меруерт өз тәжірибелерімен бөлісті.
     «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің оқытушылары Рабиға Шангалаева, Айнур Танаровна Жакебаева, Толкын Акмырзаевна Алпамысовалар қатысты тақырып төңірегінде өз тәжірибелерін ортаға салды. Дөңгелек үстел соңында мәселелер ұсынылды: 1. Болашақ маман даярлаудағы жаңартылған білім беру мазмұнын жандандыру бағытындағы сабақтас байланысты нығайту. 2. Дуалды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын жандандыру.
     Алдағы уақытта осы ұсыныстарды бірігіп іске асыруға өз ниет тілектерін білдірді. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтіп, көптің көңілінен шықты.

  

 

Оқылды 664 рет
  • Амиядин Гүлдана
    Мд-410

  • Асылбекқызы Тұмар
    Бк-305

  • Жұбанова Ұлжан
    Р-215

  • Нышан Ақмарал
    Шт-305

  • Жұбатқанова Ақтоты
    Од-105

  • Редова Пакиза
    Бк-310

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс