8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 2021 жылдың 6-7 наурыз күндері қыздар арасында үстел теннисінен қала біріншілігі өтті. Ақтөбе гуманитарлық колледжінен 7 студент қатысып, 15-24 жас аралығынан Бк-105 топ студенті Отарова Адемай 1 орын, Бк-101 топ студенті Калиева Томирис ІІІ орын, 25 жас және одан жоғары жас категориясында колледж оқытушысы Сарсенбаева Сағыныш 1 орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.