Ағымдағы жылдың 3 наурызында «Әлеуметтік-экономикалық» оқу-әдістемелік пән бірлестік оқытушылары, Г.Б Ильясова, Тұрғамбай А.Б, Е.Қ Қалышев, Ақтөбе облыстық тарихи –өлкетану музейі және Кеңес Одағының батыры Ә. Молдағұлованың Ақтөбе облыстық-мемориалды музей қызметкерлерін қатыстыра отырып, «Өлкенің тарихи – жәдігерлік материалдарын сабақтарда қолдану ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды. Шара мақсаты - өлкетану материалдарын қолдану барысында оқу мен оқытуда ғылыми және әдістемелік деңгейін жетілдіру , заман талабына сай өлкетану жұмыстарын әдістемелік тұрғыдан қарастыру, насихаттау, тәжірибе алмасу.
Семинар барысында Ақтөбе өңіріндегі тарихи объектілерге шолу жасалып, Қазақстан тарихын оқытудағы өлкетану деректерінің орны, музейдің ұлттық құндылықтарын жас ұрпаққа дәріптеудің маңызы талданып, өлкетану материалдарын қолдану арқылы отаншыл жеке тұлғаны қалыптастыру жөнінде тәжірибе алмасты. Семинарға қатысушылар жоғары белсенділігін көрсете отырып, өз мақсатына жетті.