Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Колледж директоры Е.Нұрғалиев ұжымдағы әйелдер қауымын мерекемен құттықтап және болашақ маман тәрбиелеу жолындағы еңбектерін атай отырып, Алғыс хатпен, кәсіподақ ұйымы атынан ақшалай сыйақымен марапаттады.
Мерекелік шара колледж ер-азаматтары ұйымдастырған көңілді концертке жалғасып, нәзік жанды аруларға қуанышты көңіл-күй сыйлады.
Құрметті аналар, колледж ұстаздары, сұлу қыздар, мереке құтты болсын! Сіздерге мықты денсаулық, бақытты өмір тілейміз!