Ақтөбе гуманитарлық колледжінің мамандық онкүндігі жоспарының аясында қараша айының 12-сі күні “STEAM технология” тақырыбында семинар сабақ өтті. Семинар сабақты « Математика және ақпараттық жүйелер» бөлімінің оқытушылары Канибекова Алмагуль, Уразтаева Мейрамгуль, Жолмағамбетова Замзагуль ұйымдастырылды.
Қарашаның 8 күні оқытушылар Г.З.Жунусова мен Л.Т.Балгазиева «Жоспар және сөйлеу әрекеттері» тақырыбында шебер класс ұйымдастырды.
Қарашаның 7 күні колледждегі «Жас ақындар» үйірмесі, жетекшісі А.Д.Алдонгарова, «Әбіш тағылымы» атты ғылыми шығармашылық орталығының жетекшісі Л.Т.Балгазиева Маңғыстаудың киелі топырағанан түлеп ұшқан, барша Қазақстан Республикасы аймағында келісі ерек, болмысы жаңа, мерейлі, береке бітімі ерекше, ел тарихында айрықша ауқымды ардақталатын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сарабдал саясаткер, қарымды да толымды Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Аты абызға айналған Әбіш» атты Әбіш оқуын ұйымдастырды.
Қарашаның 6 күні «Озық тәжірибе-ортақ» тақырыбында оқытушылардың шығармашылық жұмыстарын насихаттау мақсатында әдістемелік тақта ұйымдастырылды. Әдістемелік тақтаның мақсаты: колледж оқытушыларының іс тәжірибесін тарату. Көрмеде оқытушылар жасаған әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік кешендер, әр түрлі сайыстарға қатысқан марапаттары және студенттердің жетістіктері көрсетілді.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 05-16.11. 2018 ж аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мен «Математика және физика» оқу-әдістемелік бірлестіктерімен бірлескен «Жаңашылдық - жаңа талап» тақырыбында мамандық онкүндігі өтіп жатыр. Мамандық онкүндігінің мақсаты: «Жаңартылған білім беру мазмұнының өзекті мәселелерін талқылау, өзара тәжірибе алмасу, құнды ақпараттар беру арқылы тәжірибедегі проблемаларды шешу жолдарын табуға әдістемелік көмек беру»
«Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы интербелсенді әдістер» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2018 жылдың 6 қарашасы күні Ақтөбе қаласындағы №60 орта мектепте «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы интербелсенді әдістер» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.Аталған іс-шараға Ақтөбе қаласындағы «Өрлеу» БАҰО, Ақтөбе ҚҒӘО, ПШО тренерлері, облысымыздың бастауыш сынып мұғалімдері мен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы Н.Бурибаеваның жетекшілігімен «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша бітіруші топтарының студенттері қатысты.
Коучинг на тему: «Как средства ИКТ влияют на учебную мотивацию студентов?» В Актюбинском гуманитарном колледже проходит декада УМО «Информатика и информационные системы» и «Иностранный язык» на тему «Жаңартылған білім беру мазмұны – оқытушының кәсіптік іс-әрекетінің негізі»
По плану этой декады 24.10.2018 году прошел коучинг на тему «Как средства ИКТ влияют на учебную мотивацию студентов?». Организаторами данного мероприятия преподаватели информатики Мангибаева Аксауле, Шарипова Нургуль и преподаватель английского языка Шандаулова Индира.
«Жаңартылған білім беру мазмұны оқытушының кәсіптік іс – әрекетінің негізгі» тақырыбындағы «Шетел тілі » «Информатика және ақпараттық жүйелер» оқу – әдістемелік бірлестіктерінің онкүндігі аясында 25.10.18. шетел тілі пәні оқытушысы Жумашева Динара «The famous actors in Kazakhstan. Pronouns much, many, little, few. » тақырыбында ашық сабақ өткізді.
“COMPLEX OBJECT. OBJECT WITH PREPOSITIONS TO, FOR” «Шетел тілі», «Информатика және ақпараттық жүйелер» оқу-әдістемелік бірлестіктерінің «Жаңартылған білім беру мазмұны – оқытушының кәсіптік іс-әрекетінің негізі» тақырыбындағы онкүндігі аясында шетел тілі пәні оқытушысы Амантаева Заура “Complex object. Object with prepositions to, for” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
25 қазан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2018-2019 оқу жылында табалдырық аттаған бірінші курс студенттерін ресми түрде студенттікке қабылдау салтанаты өтті. Қиялдарын қанаттарына байлап, армандарын арқалап келген жас ұландар бүгіннен бастап өмір кітабының студенттік парағын безендіретін болады.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru