Қарашаның 5 күні мамандық онкүндігін директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Жамекова ашты. Оқытушылардың жоғарыда алынған тақырып пен мақсатқа сәйкес шығарылған өлең оқып және театрландырылған көрініс көрсетті. Мамандық онкүндігінің бағдарламасымен математика пәнінің оқытушысы А.Б.Андрей таныстырды.
Онкүндікте «Озық тәжірибе –ортақ» тақырыбында әдістемелік тақта, «Аты абызға айналған Әбіш» атты Әбіш оқуы, «Жоспар мен сөйлеу әрекеттері» тақырыбында шебер класс, «Үстеу, мағыналық түрлері», «Шектер туралы теоремалар. Шексіздіктегі функция шегі. Екі тамаша шек» тақырыптарында ашық сабақ, «Steam технологиясы», «Жаңартылған білім беру жағдайында оқыту үрдісін топтық жұмыс арқылы ұйымдастырудың тиімділігі» тақырыптарында семинар, «Жаңартылған білім беру мазмұнында оқу үдерісіндегі саралап оқытудың әдіс-тәсілдері» атты коучинг жоспарланды.
Оқытушылар В.Қ.Шаматова мен Г.И.Жубанышевалардың кәсіптік қазақ тілі мен математика пәндерімен біріктірілген «Сандар әлемі» тақырыбында панорамалық сабақпен жалғасты. Оқытушылар сабақ барысында қызығушылық пен белсенділікті арттыратын әдіс-тәсілдердің қолдану жолдарын көрсетті.