Практикалық бөлімде №60 мектептің бастауыш сынып мұғалімдері жаңа жүйе бағдарламасы бойынша қолданыстағы интербелсенді әдістерді қолдану арқылы тәжірибе алмасты. Жаңартылған білім мазмұнындағы оқытудың тиімді әдістері туралы атап өтті. Қатысушылардың пәндер бойынша интербелсенді әдістерінің әдістемелік ерекшеліктері туралы бірқатар сұрақтарына жауап бере отырып, тиімді оқытудың тұстары талқыға салынды. Семинар соңында қатысушыларға ашық микрофон ұсынылып, өзара пікір алысумен ұштасты. Қатынасушылар пікірінен семинардың жоғары деңгейде өтіп, қазіргі талаппен сабақ ұйымдастырудың жолдарын игеруге мүмкіндік алғандарын айтты.