«Кәсіби білікті маман даярлауда өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын енгізу тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум Ағымдағы жылдың 30 қазан күні Ақтөбе облысының білім басқармасы және Ақтөбе гуманитарлық  колледжінің ұйымдастыруымен «Кәсіби білікті маман даярлауда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын енгізу тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинар- практикум болып өтті.  Семинарға Ақтөбе облысы білім басқармасының бас маманы Амина Нурманова, сонымен қатар облысымыздың 20-дан астам колледж директорлары мен орынбасарлары қатысып, өзара іс-тәжірибе алмасты.

Бөлім:  Жаңалықтар

Ақтөбе гуманитарлық колледжі бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарына сәйкес қала мектептерінде өткізілетін жұмыстар жалғасын табуда. Колледждің педагогика және психология пәндері оқытушысы М.Султанова кеше Ақтөбе қаласы № 40 ЖОББ мектептің 9-11 класс оқушылары арасында «Мамандық таңдау- маңызды іс» тақырыбында пікіралысу өткізді.

Бөлім:  Жаңалықтар

2019 жылдың 25 қазан күні «Дирижерлау және дауыс қою», «Әлеуметтік мәдени қызмет және өнер», «Музыкалық аспаптар» оқу әдістемелік бірлестіктерінің «Кәсіби білімділік,құзыреттілік және шеберлік» тақырыбындағы мамандық онкүндігінің аясында музыка пәнінің оқытушысы Олжабаева Гүлназ (концертмейстер Алла Яскина) «Дауыс қою» пәнінен «Ән шырқаудың негізі-тыныс алу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 01 Қараша 2019 10:40

Қуанышты хабар

Ақтөбе гуманитарлық колледжі ұжымы үшін жаңа оқу жылы қуанышты оқиғамен басталды. 2019 жылдың 14 тамызында колледжге арналған нысандардың құрылысы туралы келісімге қол қойылды: спорт залы, 500 орындық акт залы гардеробымен және 150 адамға арналған асхана. Қыркүйек-қазан айларында ұйымдастыру мәселелері шешілді, топографиялық және коммуналдық қызметтермен келісу бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта құрылыс материалдары мен жабдықтар әкелінуде.

Бөлім:  Жаңалықтар

Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен әріптестік ынтымақтастықты нығайту барысында ағымдағы жылдың 24 қазан күні колледжде «Мәдениет және саз» бөлімі оқытушыларының ұйымдастыруымен «Педагогтың кәсіби біліктілік жемісі – студент жетістігі» атты облыстық семинар өткізді.

Бөлім:  Жаңалықтар

Ашық сабақ «Әлеуметтік мәдени қызмет және көркем өнер» және «Музыкалық аспаптар» оқу – әдістемелік бірлестіктерінің «Кәсіби білімділік, құзыреттілік шеберлік» тақырыбындағы мамандық онкүндігінің аясында ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты: Музыка ырғағымен жүріс түрлерін жасауға үйрету. Есту қабілеттерін, дене, аяқ бұлшық еттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 24 Қазан 2019 04:59

Менің туым, Менің Отаным!

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2019 жылдың 23 қазан күні Nur Otan партиясының бастамасымен «Менің туым, Менің Отаным!» атты патриоттық акциясы аясында Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 21 қазан күні «Дирижерлау және дауыс қою», «Әлеуметтік мәдени қызмет және көркем өнер», «Музыкалық аспаптар» оқу-әдістемелік бірлестіктерінің «Кәсіби білімділік, құзыреттілік, шеберлік» тақырыбындағы мамандық онкүндігінің ашылуы өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар

Мыңдаған кеудеге білім шырағын жаққан Ақтөбе гуманитарлық колледжінің іргетасының қаланғанына І ғасырға жуық уақыт болды.

Бөлім:  Жаңалықтар

2019 жылдың 16 қазан күні Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы және Жастар жылы аясында Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының ауыспалы кубогіне жайдарман ойындары бойынша «Маусымашар» көңілді тапқырлар сайысы өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 33 of 47
  • Бозжанова Аружан
    Мд-205

  • Әлібекова Сымбат
    Мд-315

  • Сәндібекова Гүлжайна
    Мд-215

  • Марченко Людмила
    Бк-301

  • Ерланова Жулдызай
    Шт-305

  • Амангос Мадина
    Мд-315

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс