Осы жылдар ішінде колледжіміз өзінің өміршең істерімен, өнегелі бастамаларымен танымал болды.
Танымал ірі тарихи тұлғаларды қанаттандырған, тәуелсіз еліміздің бірегей оқу орны саналатын Ақтөбе гуманитарлық колледжінде еліміздің тәрбиелі, білімді, білікті ұл-қыздары болады деген сеніммен Колледждің білім кілті табысталды. Шара барысы колледж белсенділері ұйымдастырған концерттік бағдарламамен жалғасты.