Семинардың мақсаты: Ақтөбе облысының кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының басшыларына «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын кәсіптік білім беру үдерісіне енгізу, интеграциялаудың жолдары туралы ақпарат беру.
Шара басында колледж психологтары ұйымдастырған «Біз еріктілерміз!» атты колледж студенттерінен құралған еріктілер клубы жұмысының барысын көрсететін презентация көрсетілді.
Аталған семинарда тәжірибелі колледж оқытушылары ИринаУмарова, Бахтыганым Бисемалиева, Нұрбол Токсанбаев, Гульзира Абдуллина, Айгуль Курманбековалар болашақ жастарымыздың ізгілікті дүниетанымын дамыту, олардың бойында өзін-өзі тұлғалық және кәсіби дамуына бағыт-бағдар беруде рухани-адамгершілік тәрбиенің алатын орнын ұғындыру мақсатында түрлі деңгейдегі шебер-кластар, сыныптан тыс шаралар, презентацияларды жоғары деңгейде өткізді.
Семинар соңы кері байланыс жасау арқылы қорытындыланды.Қатысқан әріптестер биылғы оқу жылы басында ұсынылған «Өзін-өзі» тану пәнінен білім беру бағдарламалары, әдістемелік ұсыным мазмұнымен танысты.