Музыка ырғағымен жүріс түрлерін жасауға үйрету. Есту қабілеттерін, дене, аяқ бұлшық еттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру. Сабақ барысында оқытушы білім алушыларға жүрістің қарапайым, ауыспалы, спорттық түрлері туралы ақпарат берді. Дене қимылының майысуына, дұрыс әдемі иілуіне арналған жаттығуларды жасап, көрсетті. СБ-305 топ студенттері станок бойындағы орындалатын экзерсис, Battemend tondu (І қалыпта), «Releve» (І, ІІ, ІІІ қалыпта), «Demi Plie», «Grand Plie», «Grand Battement», «Pordebra» (І қалыпта) жаттығуларын орындады.Сабақ соңы көңілді әуен арқылы сергіту жаттығумен аяқталды.