Пікіралысудың мақсаты: Әлеуметтік серіктестермен байланысты нығайту, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру және мамандық таңдауға кеңестер беру.
Пікіралысуға мектеп оқушылары үлкен қызығушылық танытып, өздерінің ойларымен ашық бөлісті. Сондай-ақ мектеп оқушыларына педагогикалық мамандықтың маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы айтыла келіп, колледжде оқытылатын мамандықтар туралы да хабарлама жасалды. Пікіралысуға барлығы мектептің 126 түлегі қатысты.