Жұма, 01 Қараша 2019 10:07

«Педагогтың кәсіби біліктілік жемісі – студент жетістігі » атты облыстық семинар

Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен әріптестік ынтымақтастықты нығайту барысында ағымдағы жылдың 24 қазан күні колледжде «Мәдениет және саз» бөлімі оқытушыларының ұйымдастыруымен «Педагогтың кәсіби біліктілік жемісі – студент жетістігі» атты облыстық семинар өткізді.

  

Семинардың негізгі мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұнының өзекті мәселелерін талқылау, құнды ақпараттар беру арқылы оқытушылардың тәжірибесін облыстық деңгейде тарату.

 

Семинарды колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Бибигул Екибасова ашты. Шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы директорының орынбасары, педагогика ғылымының кандидаты Аскар Аймукатов, аға оқытушы Дана Кенжегалиева және курс тыңдаушылары қатысты. Аталған шарада оқытушылар шебер кластар, ашық сабақтар, коучингтер және библиографиялық шолулар өткізіп, өз тәжірибелерін облыстық деңгейде көрсете білді.

 

Семинар барысында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жаңашыл әдіс-тәсілдер қолданылып, инновациялық педагогикалық идеяларымен тәжірибе бөлісті.

 

Семинар соңында ашық микрофон беріліп, идея кілті арқылы кері байланыс өткізілді. Курс тыңдаушылары өткізілген шаралар туралы жылы лебіздерін білдіріп, педагог мамандарды даярлау ісінде толағай табыстар тіледі.

Оқылды 1338 рет
  • Үмбетбаева Жулдыз
    Мд-405

  • Кашкинбаева Аружан
    Кт-105

  • Жұбатқанова Ақтоты
    Од-105

  • Тәңірбергенова Гүлбану
    Мд-320

  • Болатова Мадина
    Шт-105

  • Насрединова Айжан
    Бк-401

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Блог директора

Уважаемый абитурент! Вы можете задать вопрос директору колледжа.

Подробнее

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс