Сабақтың мақсаты: Дұрыс тыныс алу ережесін түсіну,дауысқа арналған жаттығулармен жұмыс жасап, тыныс алуды күшейту.
Сабақ барысында оқытушы ән айту кезіндегі тыныс алу жолдарымен таныстырып, тынысты күшейтуге арналған жаттығуларды көрсетіп, бірнеше дидактикалық мтериалдар пайдаланды.Ашық сабақта СБ-115 тобының студенті Оспанқызы Сандуғашпен дауысқа арналған жаттығулар жасалып, Франц Абттың № 5 вокализіне жеке жұмыс жүргізілді.Сабақ соңы тыныс алу жолдарын сақтай отырып орындалатын ережеге сай, ән орындаумен аяқталды.