Жұма, 11 Қаңтар 2019 09:17

Балаларға қуаныш сыйлайық

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің әкімшілік ұжымы мен студенттері 31 желтоқсан күні Ақтөбе облысының білім басқармасы бастамасымен жарияланған "Балаларға қуаныш сыйлайық" акциясы бойынша ерекше қажеттіліктері бар балаларды Жаңа 2019 жылмен құттықтап, қуаныш сыйлады.

Бөлім:  Жаңалықтар

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 14 желтоқсан күні колледждің жастар ісі жөніндегі комитеті мен «Әдебиет және тілдер» бөлімінің ұйымдастыруымен «Елімнің еркіндігі - Тəуелсіздік» атты бөлімдер арасында байқау өтті. Байқау мақсаты - тәуелсіз еліміздің тарихы, әдебиеті, мәдениеті туралы білімін кеңейту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ел тарихын білуге, ұлтжандылыққа, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ұлттық рухтың кемелденуіне, туған елге адал қызмет ету бағытында қалыптасуына бағдар беру. 

Бөлім:  Жаңалықтар

13.12.2018 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Әдебиет және тілдер» бөлімі мен «Жастар» комитеті бірлесе «Тәуелсіздік - мәңгілік ел тұғыры» атты ақындар айтысы өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсаны күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік¬экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігі оқытушыларының ұйымдастыруымен «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» тақырыбында мамандық онкүндігінің жабылу салтанаты өтті.
Онкүндіктің мақсаты - орта білім беру мазмұнын жаңарту бағытында оқыту мен оқудың заманауи әдістерін педагогикалық шеберлік тұрғыда көрсете отырып, қолдану аясын кеңейту, тиімділігін арттыру. 

Бөлім:  Жаңалықтар

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы әдіс-тәсілдер» атты коучинг «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік­ экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестіктерінің «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» атты мамандық онкүндігі аясында 2018 жылдың 7 желтоқсанында «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы әдіс-тәсілдер» тақырыбында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің тарих пәнінің оқытушылары Ардақ Тұрғамбай, Гүлнур Ильясова және Ербатыр Қалышев коучинг өткізді. Коучингте оқытушылар сергіту сәтінен бастап, топтық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар, қызықты тренингтер өткізіп, бейнематериалдар көрсетіп, отырғандарға жақсы психологиялық ахуал туғызды.

Бөлім:  Жаңалықтар

2018 жылдың 12 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінің Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік салтанатты кеш өткізілді. 

Бөлім:  Жаңалықтар

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 7 желтоқсан күні Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы «Үгіт» жобасын жүзеге асыру мақсатында бірыңғай сағат ұйымдастырылды. 

Бөлім:  Жаңалықтар

«Салауатты өмір салты­ денсаулық кепілі» тақырыбындағы эстафеталық жарыс «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік­ экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестіктерінің «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» атты мамандық онкүндігі аясында 2018 жылдың 6 желтоқсан күні дене тәрбесі пәні оқытушылары Утеген Сарин мен мен Алмат Идирисов «Салауатты өмір салты­денсаулық кепілі» тақырыбында колледж оқытушылары арасында эстафеталық жарыс өткізді.

Бөлім:  Жаңалықтар

«Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік­ экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестіктерінің «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» атты мамандық онкүндігі аясында 2018 жылдың 05 желтоқсаны күні биология, география пәні оқытушылары Светлана Шевченко мен Кабира Ниетбаева «Оқытудың интерактивті әдістері» тақырыбында коучинг өткізді.

Бөлім:  Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік­экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестіктерінің «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» онкүндігіні аясында биология және география пәні оқытушылары Света Құдайберген мен Ботагөз Жаркаеваның ұйымдастыруымен «Бастауыш кластарда жаратылыстану, дүниетану пәндерін оқыту ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 4 of 6
  • Редова Пакиза
    Бк-310

  • Буреш Елена
    Бк-201

  • Ерланова Жулдызай
    Шт-305

  • Қалисина Аружан
    Ктх-305

  • Фоменко Елизавета
    Мд-201

  • Махабат Жаннета
    Шт-405

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс