Жұма, 11 Қаңтар 2019 09:08

Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік!

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 14 желтоқсан күні колледждің жастар ісі жөніндегі комитеті мен «Әдебиет және тілдер» бөлімінің ұйымдастыруымен «Елімнің еркіндігі - Тəуелсіздік» атты бөлімдер арасында байқау өтті. Байқау мақсаты - тәуелсіз еліміздің тарихы, әдебиеті, мәдениеті туралы білімін кеңейту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ел тарихын білуге, ұлтжандылыққа, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ұлттық рухтың кемелденуіне, туған елге адал қызмет ету бағытында қалыптасуына бағдар беру. 

Байқаудың «Ерлік елге-мұра, ұрпаққа-ұран» атты бөлімі бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің студенттері Жолаушыбай Айдана, Есболаева Айдана тарихи шығармалардан үзінді оқып, үздік болды.
«Армысың,Тәуелсіз ел, дархан далам!» бөлімінде табиғи дауыста патриоттық ән орындаудан «Мәдениет және саз» бөлімінің студенті Пазылбекұлы Әділет жеңіп алды.
«Жаса, Тәуелсіз Қазақстан!» өз шығармашылығынан жыр арнаған «Мәдениет және саз» бөлімінің студенті Дүйсенұлы Досбол жеңімпаз атанды.

Байқау барысында ерлік пен елдіктің ғажайып үлгісін көрсете білген ата-бабаларымыздың ерліктері елге мұра, ұрандары ұрпаққа ұран екенін колледж студенттері бойларындағы өнерлерімен дәлелдей білді.

Барлық қатысушы жеңімпаздар, жүлдегерлер Алғыс хатпен марапатталды.
Колледж жастарына шығармашылық табыс, биік белестер тілейміз!

Оқылды 2904 рет
  • Әлібекова Сымбат
    Мд-315

  • Пастух Виктория
    Бк-401

  • Марченко Людмила
    Бк-301

  • Сағиғалиева Гүлбану
    Кт-105

  • Аймұрза Зейнеп
    Мк-105

  • Кашкинбаева Аружан
    Кт-105

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс