Коучингтің мақсаты - колледжді бітіруші түлектердің оқу мен оқытудағы білім, білік, дағдыларын жетілдіру және белсенді әдістерді қолданудың қажеттігін түсінуіне жағдай жасау.
Коучинг барысында студенттер «Тұсбағдар», «Алдын-ала берілген атаулар», «Ротация», «Жарнама», «Бір қадам алға», «Ән шырқау», «Бөлмедегі заттар», «Аралдар» және т.б. әдістерді сабақ кезеңдері бойынша қарастырды, талдау жасап, жарнамалап көрсетті. Сонымен бірге студенттер өзара бірлескен әрекеттері арқылы оқытудың белсенді әдістерін қолданудың және өткізілген коучингтің тиімділігін рөлдік ойындар арқылы ортаға салды. Коучинг соңында өткізілген «Аралдар» әдісімен ұйымдастырылған кері байланыста студенттердің басым бөлігі «Қуаныш» және «Жетістік» аралдарын таңдауы, сондай-ақ студенттердің алған әсерлері туралы пікірлері коучингтің тімділігі мен маңыздылығын аша түсті.