2018 жылдың 20 қараша күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның «Құрметті профессоры» Қайырғали Үсенғалиұлы Қожанбаевтың 80 жасқа толуына орай кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің мақсаты - студенттерді ардагер ұстаз Қайырғали Қожанбаевтың шығармашылығымен таныстыру, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Кездесу кешінде композитордың танымал әндері «Мәдениет және саз» бөлімі оқытушылары және студенттерінің орындауында көрермендерге ұсынылды.

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 11 Қаңтар 2019 07:01

Алтын күз – 2018

Ақтөбе гуманитарлық колледж студенттер арасында 10 қараша күні «Алтын күз - 2018» атты күзгі балл өтті. Байқаға қатысқан 5 жұп өз өнерлерін көрсетіп, байқау шарттары бойынша бақ сынасты.

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 11 Қаңтар 2019 06:57

Мүдде бір, талпыныс ортақ

Жас Отан" ЖҚ ұйымдастыруымен Қазақ-Орыс Халықарлық Университетінде “Мүдде бір, талпыныс ортақ” атты интелектуалды сайыс өтті. Сайыс қорытындысы бойынша Ақтөбе гуманитарлық колледжінің Жас Отандық белсенділерінен құрылған "Нұр" тобы жүлделі ll орынға ие болды. Белсенділерді шын жүректен құттықтаймыз.

Бөлім:  Жаңалықтар

9 қазан күні  Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Шанс» әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығымен студенттер арасында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Орталықтан заң маманы Р.Б.Таубаева,  әлеуметтік педагог Ы.З.Жақұдолла, психолог Ж.М.Ибадуллаева келіп, жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қиын жағдай орын алған кезде берілетін көмек түрлерін айтып, бейнеролик көрсетті.

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 08 Қазан 2018 10:36

Ұстаз-ұлы тұлға

Ұстаздар мерекесі қарсаңында 4 қазан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері, Шалқар ауданы білім саласының үздігі, ардагер ұстаз Табаналы Қуаныш Құрманбайұлы және ҚР Білім беру ісінің үздігі, Шалқар ауданының білім беру саласында қызмет атқарған ұстаз Малайдарова Марта Есіркепқызымен жастармен кездесу өткізілді.

Бөлім:  Жаңалықтар

2018 жылдың 5 қазан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі ұжымы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирде тыңдады. Елбасының кезекті жолдауы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған. Бұл жолы көтерілген мәселелер қарапайым азаматтардың өз ауласында спортпен шұғылдануынан бастап өмір қауіпсіздігіне дейінгі сұрақтарды қамтыды.

Бөлім:  Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ақтөбе гуманитарлық колледжі  директорының ауыспалы кубогіне қыздар арасында Волейбол спорт түрінен жарыс өткізілді. Жарысқа 10 команда қатысып, финалдық кездесуде 4 команда бақ сынасты.

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 6 of 6
  • Тургунова Карина
    Р-405

  • Қалисина Аружан
    Ктх-305

  • Нургалиева Гүлбақыт
    Мк-105

  • Утегенова Сымбат
    Од-105

  • Асылбекова Рауза
    Бк-305

  • Алдекова Маншук
    Мк-105

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс