Әлеуметтік педагог және психолог студенттер арасында тренингтер өткізіп, шешілмейтін мәселе болмайтынын, тек орын алған жағдайға дұрыс көзқараспен қарау керек екенін, кәсіби маманнан көмек сұрағаннан ешқандай ұялмау керек екенін жеткізді. Тренингке қатысқан студенттер құқықтық білімін арттырып, сонымен қатар бір-бірімен жақынырақ танысып, ойларында жүрген сұрақтарына жауап ала білді және кеш соңында келген кәсіби мамандарға алғыстарын білдірді.