"Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстың тұрақты өсуі мен өмір сапасына байланысты. Адамның табысы ол өзі еңбекқор болған кезде өседі. Мен бұл туралы үнемі айтамын. Өзінің ісін шебер білетін маманның лайықты жалақы алуға немесе өз кәсібін ашуға мүмкіндігі бар. Бүгінде адамға жұмыс орындарын ұсыну проблема емес. Мәселе біліктілікте, біліктілігі болмаса мамандық та жоқ. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз жалпы еңбек қоғамын құра аламыз. Естеріңізде болса, мен қазақстандықтарға осындай үндеу жасаған едім", - деді Елбасы.
Президент келесі жылдың қаңтарынан бастап қазақстандықтардың жалақысы өсетінін айтты. "Біріншіден, үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы 1,5 есе - 28-ден 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Бұл әрбір қазақстандыққа нақты көмек болады. Бұл әртүрлі салаларда істейтін 1 миллион 300 мың адамның жалақысын көтереді. Сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда істейтін 275 мың қызметкердің айлығы көбейеді. Олардың жалақысы орташа есеппен 35 процентке өседі. Олар мұғалімдер, дәрігерлер, құқық қорғау органдары, қорғаныс және тағы басқа", - деді Назарбаев.
Ел Президенті сонымен қатар, алдағы жылы педагогтардың мәртебесі туралы заң қабылданатынын және ол мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге стимул беруі қажет екенін айтты.
Келесі 2019 жыл «Жастар жылы» болып бекітілетіндігін мәлімдеді.
Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.
Елбасының дәстүрлі Жолдауын тамашалағаннан кейін, оқу орнының тарих пәні оқытушысы Е.Қалышев, жастар ресурстық орталығы маманы А.Бекназарова маңызды құжаттың «Тұрмыс сапасын арттыру» атты екінші басымдығында Елбасы жоғары білім беруге қатысты, педагог мәртебесі жайында бірқатар маңызды міндеттерді атап өтті. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа жолдау колледж тарапынан қолдауға ие болатыны сөзсіз.