Облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесе өткізілген кездесудің мақсаты – жастарды рухани адамгершілік қасиеттерге баулу, өңіріміздің дамуына өз үлесін қосқан азаматтар арқылы жауапкершілігі мол жастарды тәрбиелеу.
Кездесу барысында кеш қонақтары жастарға өз саласы бойынша қалай жетістіктерге жеткендері жөнінде ой өрбітіп, мақсаттарына жету жолындағы қиындықтары және қуаныштарымен бөлісті.
Қатысқан студент жастар өз ойларында жүрген Ұстаздық салаға қалай келдіңіз, түрткі болған адам? Ұстаздық қызмет барысында орын алған қызық оқиғаныз қандай? Ойыңызда жатталып қалған, сіз үлгі тұтқан ұстаз? Қазіргі таңдағы білім беру процесінде орын алып жатқан реформалар жайында т.б. сұрақтарын қойып, ұтымды жауап ала білді.
Бұл кешке қатысқан жас оқытушылар және студенттер қауымы өздерінің өмірлік жолына азық болатын рухани қор жинады деген сенімдеміз.