Тәуелсіздік күніне арналған айтыстың негізгі мақсаты – айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан – жақты насихаттау, шешендік өнер мен көркемделген өнер – жыр поэзия арқылы дәріптеп, мемлекеттік тілдің арнасын кеңейту. Айтысқа Қ. Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеті, С. Бәйішев атындағы университет және аталған оқу орнының студенттері қатысты.Айтысқа үш жұп шықты.
Әр жұп өз қарсыластарымен жыр додасына түсіп, екінші айналымда Құлмамбет айтысымен аяқтады. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені колледжіміздің түлегі Көшкінбай Айболат жеңіп алды. Ақтөбенің жас жүйрігі Елшат Ауезханов бірінші орынға лайық деп табылды. Әдемі әзілмен терең ойларымен көрермен сүйіспеншілігіне бөленген «Математика және ақпараттық жүйелер» бөлімінің бірінші курс студенті Әшір Гүлжан екінші орынды, саз бөлімінің екінші курс студенті Досбол Дүйсенұлы үшінші орынды өзара бөлісті. Наурызалина Злиха «Көрермен ілтипаты» Орынбай Самғар «Сөз шебері» номинацияларын иеленді.
«Тәуелсіздік – мәңгілік ел тұғыры» тақырыбында өткен ақындар айтысы ел мен жердің тарихын, қадір қасиетін терең ұғынып жүрегіне тоқи білген талантты да дарынды жастарды тәрбиелеуге ықпалын тигізері сөзсіз.