"Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт" жобасын қолдау мақсатында "Мектеп кітапханаларында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жолдары"облыстық вебинар
Ағымдағы жылдың 16 ақпанында "Өрлеу" БАҰО Ақтөбе филиалында облыс кітапханашылары "Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт" жобасын қолдау мақсатында "Мектеп кітапханаларында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жолдары" тақырыбында онлайн форматта облыстық вебинарда бас қосты. Вебинар жұмысы барысында «2020-2025 жылдарға арналған Білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту жөніндегі Жол картасының міндеттері, мектеп кітапханаларында оқушылардың кітап оқу дағдысын жетілдіру, кітапханашылардың біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Вебинарға Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Даулеткалиева Гулмирам Косымовна«Онлайн – режимінде кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсету үшін – идеялар» тақырыбында білім алушыларын кітап оқуға қызығушылығын арттыру үшін, қашықтықтан өткізілетін көпшілік шаралардың түрлерімен таныстырып өтті.
Мұндай жаңалықтарды талқылап, болащақ кітапханашылар даярлайтын Ақтөбе гуманитарлық колледжі үшін маңызды болып табылады.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

  12.02.2021 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Музыкалық аспаптар» оқу-әдістемелік бірлестігінің «Шығармашылық ізденіс және кәсіби даму» тақырыбындағы мамандық онкүндігі аясында «Ән жұмбақ» сайысы өтті. Оқытушы Тұрар Боранбайұлы Телмағанбетов интеллектуалды-зияткерлік сайысты «Сб-115»- топ студенттерімен ұйымдастырды. Аталған сайыс мақсаты – 1-курс білім алушыларының есту және сезу арқылы музыкалық қабілеттерін жетілдіру және таным, білім деңгейлерін нығайту.
Сайыс үш кезең бойынша жоспарланып, музыкалық аспапта да ойнау жұмысы кірістірілді.
Сайысты өткізу барысында оқытушы жаңа технологияларды қолдана отырып, студенттердің ойлау, сезу қабілеттерін оята білді. Білім алушылар белсенділік танытып, сайысқа қатысушылар өз ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 11:02

Педагогическим работникам

Должностная инструкция преподавателя

Кодекс этики

Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 09:55

Педагог қызметкерлерге

Оқытушының лауазымдық нұсқаулығы

Әдеп кодексі

2019-2020 оқу жылында 6 мамандықтың 9 біліктілігі бойынша күндізгі бөлімде  50 топ, оның ішінде  45 (90%) топ мемлекеттік тапсырыс, 5 (10%) топ ақылы негізде оқиды.

            Контингент құрамы күндізгі бөлімдегі 1125 құрайды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде 1027, ақылы негізде 98  білім алушы бар.

2019-2020 оқу жылының ІІ жартыжылдығында жалпы оқу үлгерімі - 100%, білім сапасының көрсеткіші - 83%. Топтар бойынша жалпы үздіктер саны 92, екпінділер саны 847 құрайды.  2019-2020 оқу жылының І жартыжылдық қорытындысымен салыстырғанда білім сапасы 7%-ке жоғарылады.

2020-2021 оқу  жылының ІІ жартыжылдығында бөлімдер бойынша оқу үлгерімі мен білім сапасының көрсеткіштері:

  • «Математика және ақпараттық жүйелер» бөлімі бойынша оқу үлгерімі -100%, білім сапасы -96%;
  • «Бастауыш білім беру» бөлімі бойынша оқу үлгерімі -100%, білім сапасы -86%;
  • «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі оқу үлгерімі -100%, білім сапасы -78%;
  • «Әдебиет және тілдер» бөлімі оқу үлгерімі -100%, білім сапасы -78%;
  • «Мәдениет және саз» бөлімі оқу үлгерімі -100%, білім сапасы -81%.

 

2019-2020 оқу жылында 6 мамандық 7 біліктілік бойынша күндізгі оқу бөлімін 15  топтан 356 түлек, сырттай оқу бөлімін 3 топтан 65 түлек бітірді. Ерекше үлгідегі диплом алғандар саны-81. Қорытынды аттестаттау нәтижелерінің көрсеткіштері:

  1. 0101000 «Мектепке дейнгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім сапасы көрсеткіші -98%;
  2. 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша білім сапасы көрсеткіш -94%;
  3. 0401000 «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім сапасы көрсеткіші -100%;
  4. 0108000 «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша білім сапасы көрсеткіші -100%;
  5. 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша білім сапасы көрсеткіші - 98%;
  6. 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша білім сапасы көрсеткіші -75%.
  7. 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының 0111063 «Математика мұғалімі» біліктілігі бойынша білім сапасы көрсеткіші -100%.

Оқу жылы соңында колледжде 155 педагог қызметкер жұмыс жасап аяқтады. Олардың 141-і  негізгі қызметте, 14-і қоса атқарушы ретінде жұмыс жасады. 18 оқытушы бала күтіміне байланыста демалыста болғандар.  Коллледжде жоғары біліктілік санаты бар оқытушылардың саны –59 , бірінші біліктілік санаты бар оқытушылардың саны – 35, екінші біліктілік санаты бар оқытушылардың саны – 34, санатсыз-27. Магистрлер саны  -33, ал магистраттар саны- 10.  Оқытушылардың сапалық құрамы – 68 %-ды құрайды, былтырғы оқу жылымен салыстырғанда +12  %-ға сапалық құрам артып отыр. Сонымен қатар жыл санап магистрлер саны артып, сапалық құрамның өсуіне оң әсерін тигізіп отыр. Былтыр магистрлер сапасы 18 %  болса, биылғы оқу жылында 21% -ды құрап, +3% өсті.  

      2019-2020 оқу жылында аттестаттауға өтініш берген барлығы 16 оқытушы. Оқу жылының 1-жарты жылдығын аяқтамай, декреттік демалысқа кетулеріне байланысты 2 оқытушы (Жубанышева Г.И, Карибаева А.А) тізімнен алынып,  жыл соңында өтініш бергендер саны 14 болды. Оқытушылардың аттестаттауға өтініш берулеріне байланысты жыл бойына жұмыстар үздіксіз жүргізілді. Аттестаттаудан өтетін оқытушылардың барлығы e-portfolio жүйесіне тіркеуден өтіп, құжаттар толтырылды.Барлығы 14 оқытушы облыстық аттестаттау бойынша комияясияға барады, олар «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығымен алдын-ала таныстырылды.  Осыған орай, барлық педагог қызметкерлер Е-портфолио толтырып, ескіше форматта 11 оқытушы 15.06.2020ж өз құжаттарын электронды түрде комиссияға ұсынып отырмыз.  3 оқытушы (Тайпаков Болат  Курмангалиулы, Құдайберген Света Праліқызы, Умарова Ирина Петровна) жаңа форматта өз құжаттарын тапсырды. Бұл оқытушылар белгіленген уақытта біліктілік тестке баруды жоспарлап отыр.

Оқытушылардың біліктілік арттыру курстарынан өтуі жаңартылған білім мазмұны бойынша жүйелі әрі жоспарлы жүзеге асырылып отыр. Жалпы былтырғы оқу жылымен салыстырғанда, 2018-2019 оқу жылы курстан өту 66%  құраса, 2019-2020 оқу жылы бұл көрсеткіш 38% болып, -28%  төмендегенін байқап отырмыз.

Ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу – педагогтің  кәсіби өсу факторы. Сондықтан колледжде оқытушының  ғылыми-педагогикалық біліктілігін көтеру мәселесі арнайы мәселе ретінде қарастырылады. Былтырғы оқу жылында ғылыми-практикалық конференцияға 69 оқытушы - 47 % қатысса, биылғы оқу жылы 53 оқытушы қатысып, 39% көрсеткіш көрсетіп отыр, салыстыра қарастырсақ, -8% -ға төмендеп отыр.    Түрлі деңгейдегі семинарларға қатысу, семинар, вебинарлар арқылы өз іс-тәжірибесін тарату- кәсіби өсу деңгейін көрсететін негізгі әдістемелік жұмыстардың бірі. Сондықтан оқушылар аталған жұмыс түріне де белсене қатысу арқылы маман даярлау ісіндегі жаңалығымен, тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісуіне мүмкіндік туады.   Биылғы оқу жылы үш тілде білім алатын екі топ өз жұмыстарын жоспарлы түрде жалғастырды. «Шт-305», «Мд-315»-топтарында үш тілде сабақ берудің жолдарын жетілдіру мақсатында қаламыздың №17, №23, №20 мектептерінің үш тілде білім беретін жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдерімен әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында колледж оқытушылары өз пәндерін оқыту барысына үш тілде білім беру жолдарына түсінік алды. «Жаңашылдық – жаңа  талап» мамандық онкүндігі және үш тілде білім беру экперементтік алаң аясында, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Тіл- татулық тірегі» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Аталған шарада Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актрисасы, ҚР мәдениет саласы үздігі Мұзбаева Майгүл, М.Оспанов атындағы БҚМУ оқытушылары, ф.ғ.к. Күзембаева Гүльжан және п.ғ.магистрі Каримсакова Анара қазылық етті. Байқауда ШТ-305 топ студенттері Абайдың білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасы мен аудармаларын, сонымен қатар ұлы шетел ақындары Д.Байрон мен А.Пушкинның шығармаларын үш тілде мәнерлеп оқып, нәтижесінде жүлдегерлер атанды. 

Оқытушы Б.М.Жамекованың «Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі», «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын білім беру саласына интеграциялау»оқу құралдары Республикалық ғылыми-әдістемелік кеңесте мақұлданып, баспадан шықты. Қазірде «TALAP» сайтында екі тілде салынып, педагог мамандар даярлайтын Республикамыздың колледждері қолданып отыр. Республикалық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-нің «Білім беру бағдарламалары орталығына» мектепке дейінгі бөлім оқытушылары Т.Алпамысова, А.Жакебаева «Қарым-қатынас этикасы және тіл дамыту»пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасын,  қазақ тілінен Б.Жамекованың авторлық топпен бірлесіп, «Сауат ашу және қазақ тілі пәндерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы» жасақталып, Республикалық оқу-әдістемелік орталықтардан апробациядан өтті.

   Ақтөбе гуманитарлық колледжі  «Өрлеу» біліктілікті  арттыру ұлттық орталығымен әріптестік ынтымақтастықты нығайту барысында ағымдағы жылдың 24 қазан күні колледжде «Мәдениет және саз» бөлімі оқытушыларының ұйымдастыруымен  «Педагогтың кәсіби біліктілік жемісі – студент жетістігі» атты облыстық  семинар  өткізді.  Семинардың негізгі мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұнының өзекті  мәселелерін  талқылау, құнды ақпараттар беру арқылы оқытушылардың  тәжірибесін  облыстық  деңгейде  тарату.

30 қазан күні Ақтөбе облысының білім басқармасы және Ақтөбе гуманитарлық  колледжінің ұйымдастыруымен «Кәсіби білікті маман даярлауда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын енгізу тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинар- практикум болып өтті.  Семинарға Ақтөбе облысы білім басқармасының бас маманы Амина Нурманова, сонымен қатар облысымыздың  20-дан астам колледж директорлары мен орынбасарлары қатысып, өзара іс-тәжірибе алмасты.

23 қаңтар күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде   Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлескен «Орыс тілі және әдебиеті» ОӘБ оқытушыларының қатысуымен  «Педагогикалық диалог: қалыптастырушы бағалаудың технологиялық әдістері» тақырыбында облыстық семинар практикум өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-шығармашылық орталығымен бірлесіп,  ақпан айында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу - болашаққа табысты қадам» тақырыбында  студенттердің Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 2020 жылғы маусым айында онлайн жүйесінде   «Студенттік ғылыми ізденіс нәтижелері: талдау және мәселелер» тақырыбында  студенттердің І халықаралық ғылыми-практикалық офлайн конференциясы өтті.

2019-2020 оқу жылында барлығы -103 студент түрлі деңгейегі конференцияларға қатыстырылған:Халықаралық деңгейдегі конференцияға -83; Республикалық -18; Облыстық -2.

Студенттер пәндік олимпиада, түрлі кәсіби байқауларға қатысу бағытында біршама нәтижелі көрсеткіштер көрсете білді.

Жоспарланған жұмыс түрлерін талдай келе, 2020-2021 оқу жылына төмендегдей ұсыныстар қабылданды:

  • Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі модернизациялау бағытындағы жұмыстарды жандандыру ( модульдік-кредиттік білім беру бағдарламасын және қолданбалы бакалавриат енгізу бағытындағы жұмыс түрлері)
  • ҚР Білім және ғылым министрінің 11.05.2020 ж №192 бұйрығына сәйкес педагог қызметкерлердің жаңа лауазымда біліктіліктерін көтеру бағытында жұмыстарды электрондық жүйеге көшіру;
  • Оқытушылар мен студенттердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында әлеуметтік серіктестермен байланысты нығайту;
  • Оқытушылардың озық педагогикалық тәжірбиелерін облыстық, республикалық көлемде тарату жұмыстарын жандандыру;
  • Директивалық құжаттармен жұмыс, оқытушылардың біліктілігін көтеру, студенттерге сапалы білім беру жұмыстарын жалғастыру;
  • Озық оқытушылардың жас мамандарға тәлімгер болып,өз тәжірибелерімен бөлісуі

Түрлі әдістемелік басылымдарға мақалалар жариялауды көбейту.

 

Колледжде тәрбие жұмысы студенттердің қазіргі заман талабына сәйкес білім деңгейін қамтамасыз етуді көздей отырып, олардың шығармашылық және танымдық істерге араласуға дайындығын дамыту, Қазақстандық ұлтжандылықты, азаматтықты, төзімділікті, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру, олардың  бойында ұлттар мен ұлыстар арасында жоғары деңгейдегі қарым-қатынас жасау, құқықтық сауаттандыру, жан-жақты және көшбасшылық қасиеттерді дамыту.

Жыл басында колледжде 1146 студент, 126 ер бала, 1020 қыз бала болды.

1 курс

2 курс

3 курс

4 курс

барлығы

ұл

қыз

барлығы

ұл

қыз

барлығы

ұл

қыз

барлығы

ұл

қыз

290

38

252

303

40

263

358

20

338

189

28

161

Оқу ордамызда Ақтөбе қаласынан-315, өзге облыстардан 22, аудандардан 809 студент білім алады.

 

 

Студенттердің ішінде 679 кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер, ол барлық студеттің 59% құрайды, 467 студент 18 жасқа толғандар (41%).

 

Кәмелетке толмағандар

Қалада өз үйінде тұратындар

Туысқандарының үйінде тұратындар

Пәтер жалдап тұратындар

Жатақханада тұратындар

ұл

қыз

ұл

қыз

ұл

қыз

ұл

қыз

15

221

24

158

14

87

21

139

 

Кәмелетке толғандар

Қалада өз үйінде тұратындар

Туысқандарының үйінде тұратындар

Пәтер жалдап тұратындар

Жатақханада тұратындар

ұл

қыз

ұл

қыз

ұл

қыз

ұл

қыз

               

6

109

22

120

14

99

10

87

Оқу жылы басталған кезден колледж студенттері Ар-намыс кодексімен, келісімшартпен таныстырылды. Тәрбие жұмысы барысында оң нәтиже беретін іс-шаралар:

  • оқуға жаңадан қабылданған білім алушыларға ішкі ережелер мен талаптарды түсіндіріп, өтініштерін тыңдау мақсатында қалыптасқан тәртіп бойынша колледж басшысымен кездесу;
  • оқу орнына алып келуге тыйым салынған заттар тізімімен таныстырып, міндеттемелерге қол қойдыру,
  • кәмелетке толмаған жасөспірімдерге сенімхат талап ету;
  • ата-аналардан жауапкершіліктері туралы қолхат алу;

Тәрбие жоспары бойынша өткізілетін іс-шаралар студенттердің қашықтан оқытылуы кезінде де өз жұмысын тоқтатқан жоқ.

Қашықтықтан білім алу барысында студенттің үй-тұрмыстық жағдайын нақтылау және шығармашылық әлеуетін және бастамаларын дамыту, белсенді қоғамдық пікір қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Студент өмірінің бір күні» онлайн флешмоб аясында колледж студенттері арасында

  • #мен үйдемін
  • #ұстазға мың алғыс
  • #біз біргеміз
  • #ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
  • #бақытты отбасы
  • #рәміздерім мақтанышым тақырыптарында челлендждер;
  • топ жиналыстары, тәрбие сағаттары, ата-аналар жиналыстары;
  • мәнерлеп оқу байқаулары ұйымдастырылып отырды.

Жазғы демалыс мезгілінде студенттердің құқықбұзушылыққа жол бермеуі, жол-көлік оқиғалардың алдын алу, ерте жүктілікке жол бермеу, кәмелетке жетпей тұрмысқа шықпау, кешкі мезгілде көшеде жүрмеуін қадағалау мақсатында ата-аналардан, студенттерден қолхат алынып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастамасымен құрылған «Саналы ұрпақ» жобасы аясында жұмыстар атқарылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жас ұрпақты жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа дайындау мақсатында «Парасаттылық мектебі» кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, бірнеше мәрте «Адалдық сағаты» өтті. «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Колледждің «Адал ұрпақ» командасы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облыстық штабының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында өткен онлайн «брейн-ринг» интеллектуалды ойынына қатысты.

Жат ағымдардан сақтандыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатындағы рухани сұрақтар негізінде Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысымен бірлескен жоспар негізінде «Аңсар» кеңес беру-оңалту орталығы қоғамдық бірлестігінің талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Ш.Разақовпен дөңгелек үстел өткізіліп, студент жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру имуннитетін дамыту, әлеуметтік желідегі діни экстремистік идеологияны насихаттайтын парақшаларға кірмеу, тіркелмеу жұмыстары жүргізіліп, хаттамалары толтырылды.

Студенттердің қосымша біліммен, оның ішінде колледжішілік үйірмелерге-357, спорттық секцияларға-767 студент тартылған.

2020 жылғы 16 наурыздан басталған қашықтықтан оқыту кезінде

  • оқу топтарында 144 тәрбие сағаты
  • қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында 74 ата-аналар жиналыстары
  • облыстық, қалалық, колледжішілік 83 эстафета, марафон, челлендж өткізілді
  • әлеуметтік желіге жалпы саны 88 пост салынды.

Колледж студенттеріне психологиялық қызмет көрсету, суденттерді қолдау мақсатында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесіп, ортақ қабылданған үлгі бойынша құрылған жоспар негізінде жұмыстар 5 бағыт бойынша жүргізілді. Жаңадан оқу қабылданған барлық 321 студенттің ата-анасымен кездесу өткізіліп, ата-анамен бала тәрбиесі және жасөспірімнің мінез-құлқындағы ерекшеліктерді дер кезінде байқап отыру туралы кеңестер беріліп, әлеуметтік жоба жүргізу барысында студенттерден сауалнамалар алуға келісім алынды. Оқу жылының басынан 210 кеңес беру, оның ішінде студенттерге 207 жеке кеңес беру, 3 кеңес беру ата-аналарға өткізілді. 

2019-2020 оқу жылында колледжде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 19 студент оқиды, оның ішінде биылғы түлек саны - 7.

  • Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер - 1 ер бала, 18 қыз бала, ақылы негізде - 1, мемлекеттік тапсырыс негізінде - 18.
  • Мүмкіндігі шектеулі студенттер саны 9, ІІ топ-1 студент, ІІІ топ-8 студент.

2019-2020 оқу жылы бойынша 19 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 111 көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес ай сайынғы ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында қаржылай студенттердің тек сабақта болған күндеріне ғана жеке есеп шотына қаржылай аударылып отырылды.

Қашықтықтан оқыту кезінде Қобда аудандық балалар үйінен келген Айтжанова Айя ОД-105,  Мыц Галина БК-101 топ студенттері колледж жатакқханасында оқуын жалғастыруда.

Аудандар мен басқа облыстардан келген студенттерді баспанамен қамтамасыз ету үшін 350 орынға арналған колледж жатақханасында 296 бала жатын орынмен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда колледж студенттері арасында өмірдің қиын жағдайына тап болған студенттер, қараусыз жүретін, педагогтың назарынан тыс қалған кәмелеттік жасқа толмаған студенттер, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке тартылған студенттер анықталған жоқ.

 

 

Кәсіптік практика  мемлекеттік стандарттар мен  оқу жоспарына және оқу процесі кестесіне сай әр мамандықтар бойынша кәсіптік практика үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жасалған оқу жұмыс бағдарламаларына  сәйкес  және «Ақтөбе гуманитарлық колледжінде оқу, өндірістік  практиканы ұйымдастыру және өткізу туралы» Ережесіне ұйымдастырылады.

 Тәжірибе түрлері – оқу және өндірістік тәжірибелер болып бөлінген. Колледж оқытушылары оқу тәжірибесін бекітілген мемлекеттік стандарттар мен  оқу жоспарына сәйкес бекітілген оқу процесі кестесіне сай әр мамандықтар бойынша колледжде немесе тәжірибе базасында өткізіледі. Тәжірибенің ұзақтығы мамандықтар бойынша  оқу жұмыс жоспарымен анықталып,  мерізімі оқу процесінің кестесінде бекітіледі. Өндірістік тәжірибелер мекемелермен жасалған келісім шарттар  негізінде, колледж директорының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды. Тәжірибенің түрлеріне байланысты колледжде оқытылатын барлық мамандықтар бойынша оқу жұмыс бағдарламалары  бар, тәжірибе  бағдарламаға сәйкес өткізіледі.Өндірістік тәжірибелер мекемелермен жасалған келісім шарттар  негізінде, колледж директорының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды.

            Колледжде оқытылатын мамандықтар негізінен педагогикалық мамандықтар болуына байланысты өндірістік педагогикалық тәжірибені өткізуге қызмет көрсету  негізінен Ақтөбе қаласының білім беру мекемелерімен – жалпы орта білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдаржасалған екі жақты келісім шартқа /Қазақстан Республикасы БҒ министрінің 2018 жылғы «2» қарашадағы № 611 бұйрығына 4-қосымшасы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы  № 93 бұйрығына 4-қосымшасы/ сәйкес  ұйымдастырылады.

            2019-2020 оқу жылында тәжірибені ұйымдастыру және сапалы өткізу мақсатында тәжірибе өткізілетін мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-материалдық базалары есепке ала отырып, отыздан астам білім беру мекемелерімен, 5 кітапхана және мәдениет ұйымдарымен  шарт жасалды.   

             2019 жылдың 1 қыркүйегі мен 2020 жылдың 28 маусымы аралығында ІІ,ІІІ,ІУ курстан  барлығы 474 студент оқу, технологиялық, 498 студент өндірістік тәжірибеден өтті. Оқу жылының қорытындысы бойынша оқу тәжірибесі 100% үлгерім мен  97 %  білім сапасын көрсетсе, өндірістік  тәжірибе  100%  үлгерім мен  98%  білім сапасын көрсетті.

Биылғы оқу жылында колледжімізде  «Мектепке дейінгі  тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру»  мамандықтары бойынша МД-105, БК-105 топтарында дуалды оқыту енгізілді, МД мамандығы бойынша  «Балақай» ЖШС қарасты «Ертөстік», «Еркемай», «Айлин» балабақшалары, БК мамандығы бойынша №30,56,64 мектептерімен 3 жақты келісімшарт жасалып, «Атамекен» кәсіпқорлар палатасының реестріне тіркелді.     

            Жоспар бойынша қаңтар- ақпан айларында мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру, колледжге  оқуға шақыру, өзімізде оқытылатын мамандықтарды жарнамалау жұмыстары жүргізілді, мектепте өткен ата-аналар жиналысы мен кәсіптік бағдар беру шараларына қатысты. Ақпан айында бөлімдердің ұйымдастыруымен 5 рет «Ашық есік» күні өткізіліп, қала және қала маңында орналасқан мектептерден 300 тарта оқушылар қатыстырылды.

2019-2020 оқу жылы түлектерін  жұмысқа орналастыру мақсатында, қалалық, аудандық білім беру бөлімдерімен, мәдениет басқармасымен жұмыс жүргізілді, соның нәтижесінде бітірушілердің 87%- жұмыс орнын анықтады, дегенмен бұл жұмыс әлі де жалғастырылады.

Білім беру ұйымын ақпараттық коммуникациялық құралдармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен, оқытушыларды пайдаланушылық деңгейінің жоғарылауы білім берудің жаңа сапасына өту үшін күшті ынталандыру болып табылады.

Оқу процесінің сапалы және тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында соңғы 6 жыл ішінде материалдық-техникалық база едәуір жаңартылып, нығайтылды.

Бүгінгі таңда колледждің ақпараттық білім беру жүйесі келесі қызметтерді жүзіге асыра білді:

  • компьютерлерді жоғары жылдамдықты Интернетке қосу;
  • топтағы студенттер саны, бір компьютерге - 8 адам;
  • стандартты (базалық) бағдарламалық пакетті пайдалану және лицензиялық бағдарламаларды орнату;
  • сәйкестік сертификаттары бар компьютерлік техниканың тізбесін жасау;
  • білім беру ұйымы қызметкерлерінің электрондық дерекқорын құру;
  • оқу орны студенттерінің электрондық мәліметтер базасын құру;
  • білім беру мекемесінің студенттерінің электрондық мәліметтер базасын құру.

Колледждің әлеуметтік желілердегі парақшасына 270 материал,  71 видеосабақ, 4 онлайн сабақ, 30челенж жарияланды.

1еместерде-16, 2 семестрде-167 емтихан «Platonus» жүйесін арқылы қабылданса, 15курстық жұмыс және 32 мемлекеттік емтихан ZOOM бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды жүргізілді.

 

 

Бөлім:  Жаңалықтар

   Ағымдағы жылдың 12 күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілген «Рухани құндылықтар (саз және би) принципі негізінде оқытудың әдістері» тақырыбындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ІІ аймақтық дәстүрлі әдістемелік семинарға Ақтөбе гуманитарлық колледжі әкімшілік мүшелері мен оқытушылары қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Университетпен әлеуметтік серіктес ретінде соңғы жылдары ғылыми байланысты нығайту жұмыстарымен өзара іс-тәжірибе алу мақсатында директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Жамекова Бибигуль Мустафиевна конференцияға және секция жұмысынадағы шеберлік-кластарға белсене қатысты.
Колледжінің хор жетекшісі Куспанов Мербол Оразбекұлы «Хор және хормен жұмыс жасау практикумы пәніндегі дауыс жаттығуларының қолдануы» тақырыбында шеберлік-класта хормен жұмыс жасаудың түрлі техникаларын ұсынып, жұмыс соңында университет студенттерімен хор жұмысының нәтижесін көрсетті. Арнайы пәндер оқытушысы Шумакова Шолпан Ахметовна «Болашақ маманның рухани-адамгершілік құндылқтарын қалыптастыру» тақырыбында мәдени-ағарту жұмысы жөніндегі іс-тәжірибесімен, музыка пәні оқытушысы Дюсова Шаттык Доскайровна «Дидактикалық ойын – рухани даму кепілі» тренингінің жаңаша әдіс-тәсілдерін үлгілеп, семинар қатысушыларының қызығушылығын оятты.
Әдістемелік семинар қорытындысы бойынша колледж басшысы Ералы Ғұбайұлына Алғыс хат және белсене қатысқан оқытушыларға Алғыс хат, сертификат табысталды.

Бөлім:  Жаңалықтар

   Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасының оқу залында БК -215 топ студенттерімен бірлесе мұзбалақ ақын, жыр жүйрігі Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Мұқағали – жыр дүлдүлі» тақырыбында онлайн әдеби- сазды кеш өтті.
Шара мақсаты - қазақ поэзиясының ақиық ақыны, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, халық көңілін сусындатқан, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жырлайтын Мұқағали мұрасы, поэзиясымен танысу, поэзияға деген құшталығын артыру.
БК-215, ҚТ -205, ҚТ -115, ҚТ -105, СБ-405, СБ-205 топ студенттері ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындап, жыр шумақтарын жатқа оқыды.
Кешке қатысқан оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері, кеш соңында ақын шығармашылығын зерттеушілерге, оқырмандарға арнап кітапхана меңгерушісі дайындаған «Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысты.
Кеш барысында колледждің жас ақындары ақынға арнау өлеңдерін оқыды.

   

Бөлім:  Жаңалықтар

   10.02.21 жылы «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын интеграциялау» бойынша пилоттық жобаны іске асыратын колледж студенттері арасындағы «Адамгершілік -рухани білім болашақ маманның даму факторы ретінде» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинарға 350-ге жуық колледж студенттері қатысты. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ІІ курс студенті Ордабаева Аңсаған Мирболатқызы (жетекшісі география пәні оқытушысы Кабира Туремуратовна Ниетбаева) «Адам экологиясы және оның ғылымдар жүйесіндегі орны» тақырыбында баяндамасымен қатысты. Білім алушы жаратылыстану ғылым негіздерін болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасымен интеграциялау бағытындағы зерттеу жұмыстарымен бөлісті.
Семинар барысында жасалған баяндама аталған бағдарламаның болашақ мамандар үшін маңызы мен өміршеңдігін айқын аңғартты. Семинар соңында өз баяндамаларымен қатысқан спикерлерге сертификат табысталды.

 

Бөлім:  Жаңалықтар

     Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасының оқу залында Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай «ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ» тақырыбында онлайн әдеби сазды кеш өтті.
Шараның мақсаты - қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
ҚТ-115, ШТ-106, БК -101 топ студенттері ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындап, жыр шумақтарын жатқа оқыды.
Студенттермен кері байланыс жасалып, ақының шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, жауап алынды.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.
Қатысушы әріптестер тарапынан шараның ұйымдастырылуы жоғары өткендігі аталып өз ризашылықтарын білдірді.

 

Бөлім:  Жаңалықтар

     05.02.2021ж. Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы» тақырыбындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу-әдістемелік бірлестігінің мамандық онкүндігі аясында «Бастауыш білім беру» мамандығының «Шт-105» тобында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен Айнұр Әбдіқалаққызының ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқытушы «Уақыт тізбегі», «Қос жазба күнделігі», «Романның композициялық құрылымы, «Кейіпкер портреті», «Жетістік баспалдағы» т.б. оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін шеберлікпен қолдана білді.
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясының, «Қайтқанда» бөлімін аудиотаспа арқылы тыңдатып, талдау жасатып, шығарманың мазмұнын аша білді.Романда кездесетін таныс емес сөздермен сөздік жұмысы жүргізілді. Романның композициялық құрылымына талдау жұмысы жүргізілді. Білім алушылар шығарманың басталуы мен оқиға байланысын ашуда алған білімдерін орынды көрсете білді. Сонымен қатар Абай мен Барластың портретін аша отырып, дәлелдеме жасады. Кері байланыс уақытында өздерінің бүгінгі сабақты өз ойларын білдірді.Сабаққа студенттердің белсенділігі жоғары деңгейде болды. Оқытушы А.Ә.Қартанованың бүгінгі сабағы өз мақсатына жетті.

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 15 of 47
  • Мұханбетқалиева Гүлзат
    Р-215

  • Сәндібекова Гүлжайна
    Мд-215

  • Әбуталиева Айзат
    Бк-315

  • Қалдыбай Аяулым
    Ктх-205

  • Асылбекқызы Тұмар
    Бк-305

  • Үмбетбаева Жулдыз
    Мд-405

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс