Ағымдағы жылдың 12 күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілген «Рухани құндылықтар (саз және би) принципі негізінде оқытудың әдістері» тақырыбындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ІІ аймақтық дәстүрлі әдістемелік семинарға Ақтөбе гуманитарлық колледжі әкімшілік мүшелері мен оқытушылары қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Университетпен әлеуметтік серіктес ретінде соңғы жылдары ғылыми байланысты нығайту жұмыстарымен өзара іс-тәжірибе алу мақсатында директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Жамекова Бибигуль Мустафиевна конференцияға және секция жұмысынадағы шеберлік-кластарға белсене қатысты.
Колледжінің хор жетекшісі Куспанов Мербол Оразбекұлы «Хор және хормен жұмыс жасау практикумы пәніндегі дауыс жаттығуларының қолдануы» тақырыбында шеберлік-класта хормен жұмыс жасаудың түрлі техникаларын ұсынып, жұмыс соңында университет студенттерімен хор жұмысының нәтижесін көрсетті. Арнайы пәндер оқытушысы Шумакова Шолпан Ахметовна «Болашақ маманның рухани-адамгершілік құндылқтарын қалыптастыру» тақырыбында мәдени-ағарту жұмысы жөніндегі іс-тәжірибесімен, музыка пәні оқытушысы Дюсова Шаттык Доскайровна «Дидактикалық ойын – рухани даму кепілі» тренингінің жаңаша әдіс-тәсілдерін үлгілеп, семинар қатысушыларының қызығушылығын оятты.
Әдістемелік семинар қорытындысы бойынша колледж басшысы Ералы Ғұбайұлына Алғыс хат және белсене қатысқан оқытушыларға Алғыс хат, сертификат табысталды.