«Кәсіби білікті маман даярлауда өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын енгізу тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум Ағымдағы жылдың 30 қазан күні Ақтөбе облысының білім басқармасы және Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «Кәсіби білікті маман даярлауда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын енгізу тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинар- практикум болып өтті. Семинарға Ақтөбе облысы білім басқармасының бас маманы Амина Нурманова, сонымен қатар облысымыздың 20-дан астам колледж директорлары мен орынбасарлары қатысып, өзара іс-тәжірибе алмасты.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарына сәйкес қала мектептерінде өткізілетін жұмыстар жалғасын табуда. Колледждің педагогика және психология пәндері оқытушысы М.Султанова кеше Ақтөбе қаласы № 40 ЖОББ мектептің 9-11 класс оқушылары арасында «Мамандық таңдау- маңызды іс» тақырыбында пікіралысу өткізді.
2019 жылдың 25 қазан күні «Дирижерлау және дауыс қою», «Әлеуметтік мәдени қызмет және өнер», «Музыкалық аспаптар» оқу әдістемелік бірлестіктерінің «Кәсіби білімділік,құзыреттілік және шеберлік» тақырыбындағы мамандық онкүндігінің аясында музыка пәнінің оқытушысы Олжабаева Гүлназ (концертмейстер Алла Яскина) «Дауыс қою» пәнінен «Ән шырқаудың негізі-тыныс алу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі ұжымы үшін жаңа оқу жылы қуанышты оқиғамен басталды. 2019 жылдың 14 тамызында колледжге арналған нысандардың құрылысы туралы келісімге қол қойылды: спорт залы, 500 орындық акт залы гардеробымен және 150 адамға арналған асхана. Қыркүйек-қазан айларында ұйымдастыру мәселелері шешілді, топографиялық және коммуналдық қызметтермен келісу бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта құрылыс материалдары мен жабдықтар әкелінуде.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен әріптестік ынтымақтастықты нығайту барысында ағымдағы жылдың 24 қазан күні колледжде «Мәдениет және саз» бөлімі оқытушыларының ұйымдастыруымен «Педагогтың кәсіби біліктілік жемісі – студент жетістігі» атты облыстық семинар өткізді.
Ашық сабақ «Әлеуметтік мәдени қызмет және көркем өнер» және «Музыкалық аспаптар» оқу – әдістемелік бірлестіктерінің «Кәсіби білімділік, құзыреттілік шеберлік» тақырыбындағы мамандық онкүндігінің аясында ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты: Музыка ырғағымен жүріс түрлерін жасауға үйрету. Есту қабілеттерін, дене, аяқ бұлшық еттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2019 жылдың 23 қазан күні Nur Otan партиясының бастамасымен «Менің туым, Менің Отаным!» атты патриоттық акциясы аясында Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Ағымдағы жылдың 21 қазан күні «Дирижерлау және дауыс қою», «Әлеуметтік мәдени қызмет және көркем өнер», «Музыкалық аспаптар» оқу-әдістемелік бірлестіктерінің «Кәсіби білімділік, құзыреттілік, шеберлік» тақырыбындағы мамандық онкүндігінің ашылуы өтті.
Мыңдаған кеудеге білім шырағын жаққан Ақтөбе гуманитарлық колледжінің іргетасының қаланғанына І ғасырға жуық уақыт болды.
2019 жылдың 16 қазан күні Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы және Жастар жылы аясында Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының ауыспалы кубогіне жайдарман ойындары бойынша «Маусымашар» көңілді тапқырлар сайысы өтті.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru