Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінің​ тарих пәні оқытушылары​ Гулнур Ильясова​ мен​ Ербатыр Қалышевтің ұйымдастыруымен ​«Өзін-өзі тану – сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында “Әлемде мейірімділік бар ма?» тақырыбында дебат өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар

2019 жылдың ақпан айының 8-і күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың 7 қыры» бағдарламалық мақалаларын насихаттауды үшін Қ.Қ Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент​ Арман Бисембаев​ ​Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттермен тарих пәні оқытушылары​ Гулнур Ильясова, Сырым Байдрахманов​ кездесу ұйымдастырды.

Бөлім:  Жаңалықтар

«Әлеуметтік-мәдени қызмет және өнер», «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігініңұйымдастыруымен мамандық онкүндігің ашылу​салтанатыағымдағы жылдың 11 ақпан күні ​ өтті. «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» әдістемелік пәндер бірлестігінің білікті ұстазы Анаргүл Нұрасқанова құттықтау сөз алды. «Әлеуметтік-мәдени қызмет және өнер» оқу-әдістемелік бірлестік оқытушысы Анаргүл Қалдыбаева жетекшілігімен «Жүректен-жүрекке» атты​ композициялық би қойылымы көрсетілді. ​Қатысушыларға Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерекесіне орай «Туған өлкем-Ақтөбем,Құтты болсын мерекең!» кітап көрмесін«Кітапхана ісі» мамандығының оқытушысы Құралай Раймбаева ұсынды.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сейсенбі, 12 Ақпан 2019 04:46

Маусымашар-2019

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің "Феномен" жайдарман құрамасы Астана қаласында өткен "Маусымашар-2019" Республикалық Жайдарман фестиваліне қатысып,Алматы қаласында өтетін Премьер лига ойынына жолдама алды.

Бөлім:  Жаңалықтар

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен  шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі аясында  «Сыйынар ем ана деген тәңірге...» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесін ұйымдастыруға  кітапхана ұжымы мен КТХ-305 топ студенттері белсене қатысты. Кітап көрмесіне «Кітап»  инсталяциясы, мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, жақсылық жасауға тәрбиелеу мақсатындағы кітаптар мен журнал мақалалары қойылып, библиографиялық шолу өткізілді.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 06 Ақпан 2019 05:49

150-игі іс

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған "150-игі іс" акциясы аясында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері қарт әжеміз Меркурова Валентина Дмитриевнаның ауласын қардан тазалап, әжеміздің алғысына бөленді.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 06 Ақпан 2019 05:40

Бірлікке бастар жол

Бүгін колледж студенттерінің Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы және «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Ақтөбе облысы филиалымен бірлескен кездесу кеші өткізілді. 
Кездесу мақсаты - «Қазақстан студенттерінің Альянсы» қоғамдық бірлестігі туралы ақпарат беру, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын, мемлекеттік жастар саясатын насихаттау және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.


Кездесу кешіне қалалық ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының маманы Е.Телібеков, Зауыт полиция бөлімінің кәмелетке толмаған жасөспірімдер істері жөніндегі инспекторы А.Т.Мырзакелдиев, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Ақтөбе облысы филилының көшбасшысы А.Ахметов қатысты.
Қонақтар облысымыздағы Жастар жылына орай жоспарланған іс-шараларды атай келе, студенттерімізді белсенділікке және «Қазақстан студенттерінің Альянсы» қоғамдық бірлестігіне мүше болып, еріктілер қозғалысын нығайтуға, қоғамдық істерге белсене араласып, тәртіп бұзушылыққа жол бермеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға шақырды.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 06 Ақпан 2019 05:34

Мағжан поэзиясы - мәңгілік мұра

2019 жылдың 30 қаңтар күні сағат 11: 00-де оқу залында қазақ халқының ұлтжанды ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ұлттық мәдениет пен әдебиетке жастардың ықыласын арттыру, ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу, студенттердің көркемсөзді жатқа, мәнерлеп оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру мақсатында Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасымен оқытушы Разия Қолғанатованың ұйымдастыруымен «Мағжан поэзиясы - мәңгілік мұра» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. 

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 06 Ақпан 2019 05:19

Жігер сыйлайтын мүмкіндіктер

Жастар жылы – жастардың өзін дамытуына үлкен мүмкіндік беретін жыл. Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасымыз «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының тәжірбиесі туралы айтып, «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Айтылған меже бойынша Ақтөбе гуманитарлық колледжі әкімшілігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілімен кездесу өткізді.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 06 Ақпан 2019 05:06

ЖІГЕРЛІ ЖАС -2019

Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінің І курс студенттері арасында 2019 жыл «Жастар жылына» және Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай «ЖІГЕРЛІ ЖАС -2019» жалпы білім беретін пәндерден колледжішілік олимпиада өтті. Пәндік олимпиаданың мақсаты – ғылыми білімді насихаттау, дарынды студенттерді анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатысатын білім алушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білімнің беделін көтеру.

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 41 of 47
  • Маширикова София
    Бк-401

  • Нұрғалиева Ақбота
    Ктх-205

  • Кашкинбаева Аружан
    Кт-105

  • Анарбек Аиша
    Бк-205

  • Длимбетова Амина
    Р-405

  • Нышан Ақмарал
    Шт-305

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс