Бүгін колледж студенттерінің Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы және «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Ақтөбе облысы филиалымен бірлескен кездесу кеші өткізілді.
Кездесу мақсаты - «Қазақстан студенттерінің Альянсы» қоғамдық бірлестігі туралы ақпарат беру, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын, мемлекеттік жастар саясатын насихаттау және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
Кездесу кешіне қалалық ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының маманы Е.Телібеков, Зауыт полиция бөлімінің кәмелетке толмаған жасөспірімдер істері жөніндегі инспекторы А.Т.Мырзакелдиев, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Ақтөбе облысы филилының көшбасшысы А.Ахметов қатысты.
Қонақтар облысымыздағы Жастар жылына орай жоспарланған іс-шараларды атай келе, студенттерімізді белсенділікке және «Қазақстан студенттерінің Альянсы» қоғамдық бірлестігіне мүше болып, еріктілер қозғалысын нығайтуға, қоғамдық істерге белсене араласып, тәртіп бұзушылыққа жол бермеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға шақырды.